1 –лекция: Кіріспе
лекция. Қазақтың сыни пікірінің оянуы және
әдебиет сынының пайда болуы.
Халықтық эстетика. Қазақ әдебиетіндегі
сыншылдық ойлардың негіздері.
Фольклор халық әдебиетіндегі көркем сөздің
ролі.
Қамтылатын
мәселелер:
- Қазақтың сыни пікірінің
оянуы және әдебиет сынының
пайда болуы.
- Халықтық эстетика. Қазақ
әдебиетіндегі сыншылдық ойлардың негіздері.
- Фольклор халық әдебиетіндегі
көркем сөздің ролі.
Б.э.д. 6 ғасырда ертедегі
Римде сыншы сөзі белгілі бола бастады. Болашақ патша Птоломей
2-нің ұстазы Косадан шыққан Филипті халық
«ақын, әрі сыншы» деп атады. Кейінрек Маллостық Кратең
өзін александриялық «тілшілерден» артық етіп көрсету
үшін сыншы деп атады. Бірақ, көпке дейін сын текстология
ұғымында түсініліп келді. Қазіргі мағынасында
Ю.скалигердің «Поэтикасында» қолданылды. Бұл
трактаттардың рим әдебиетін шолып, бағалауға
арналған алтыншы кітабы. «Сын» деп аталынды. Жеке адамдардың
әдеби сын бойынша тұңғыш елеулі еңбек
қалдырғандар деп Платон, Аристотель, Аристарх, әл-Фарабилердің
есімдері аталынады. Кейіннен сыни бағыттар, мектептер шыға бастады.
16 ғасырда Италияда әдеби сын тұтас бір сала ретінде
қалыптасты. Венецияның көркем сыны алғашқы сыни
мектеп ретінде белгілі. Еуропа әдебиетінде Буало мен Дидроның есімі
шын мәніндегі алғашы сыншы делініп жүр.
Орыс әдебиетінде «критик»
сөзін бірінші рет 1789 жылы Қантемір «тура қазы»
ұғымында қолданған. Ал «критика» сөзін өз
мағынасында 1750 жылы Тредиаковский жазды. В.А.Жуковский «Сын дегеніміз –
жетілген талғамға негізделген турКіріспе лекцияа және
айқын айтылған пікірлер. Сіз поэма оқисыз, сурет
көресіз, соната тыңдайсыз, сонда
қанағаттанғандықтан, немесе
қанағаттанбағандықтан сезімге бөленесіз- осы талғам,
осылардың себебін талдасаңыз- осы сын» деген қарапайым
анықтама берді. «Алтын ғасырының» алыптары Пушкин, Толстой,
т.б. 19 ғасырдың екінші жарымында қазақ даласында «Дала
уалаятының газеті» , «Түркістан уалаятының газеті»
сияқты ұлттық баспасөздің алғашқы
қарлығаштары шыға бастады. Осы газеттердің беттерінде
әдебиет туралы пікірленр түңғыш рет көрінді.
Кейіннен «Айқап», «Қазақ» сияқты басылымдар
үлттық әдебиеттің мәселелерін әртүрлі
деңгейде көтере бастады. Төңкеріске дейінгі
дәуірде әдеби сынның пайда болып, қалыптаса бастауына
19 ғасырдың екінші жарымынан бастап советтік дәуірге дейін
созылған қазақ әдебиетінің ренессанстық
кезеңі де тікелей күшті әсер етті. Әсіресе, 20
ғасырдың басында абай өлеңдерінің,
қазақтың тұңғыш романы М. Дулатовтың
«Бақытсыз Жамалының», А. Байтұрсыновтың «Маса»
жинағының басылып шығуы, қазақ поэзиясында
Мағжанның көрінуі әдеби сынды да алға тартты.
Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі
әлеуметтік-саяси , мәдени әдеби жағдай көркем
сынға ауыр жүк артты. Қазақ әдеби сыны
ұлттық әдебиетіміздің жай-күйі туралы
барлық жанрларда дерлік барынша үн қатты. Сынмен арнайы
айналысатын профессионал сыншылар шығып, өнімді еңбенк ете
бастады.
Л. Аннинский «Сын
өзінің арнаулы предметімен де, тіл жағынан да көрем
өнердің бір түрі болып табылады… Шын мәніндегі сын
құрғақ ұғымдар арқылы емес, жанды
сөзбен жазылады. Сондықтан да, нағыз сын мен прозалық
шығарманың бір-бірінен айырмасы бар болғаны, айталық,
проза мен скульптураның айырмасындай-ақ» деп жазды . Ал белгілі
сыншы В. Кожинов осы пікірді былайша дәлелдейді: «сын әдебиет
жүйесінде ғана өмір сүре алады», әдебиетсіз сын
жоқ; жазушы шығарма жазады, ал оны әдебиет жүйесіне
қосатын сын, әдебиетті қалыптастыратын да сын, сын мен
әдебиет біртұтас, өйткені сын- әдебиеттің
бастаушы, ұйымдастырушы құрамдас бөлігі, маңызды
жағы.
Қазақ әдеби
сынының жай-күйін қозғап, баспасөз бетінде
жариялаған мақалалардың көпшілігінде дерлік сынды
әдебиетке жатқызып, соның аясында қараушылық
басым. Сынды көркем әдебиетке де, әдебиеттану ғылымына
да жатқызбай, эстетиканың сөз өнерін зерттейтін саласы
деген де пікір бар. Енді біреулер сынды көркем әдебиетке де,
ғылымға да жатқызбай , оның қоғамдық
ой-пікірдің дамуындағы монополиялық роль атқаруын талап
етеді.
Әдеби сынның тарихына
көз жіберсек оның пайда болу, даму жолдарының
әдебиеттің өсіп-өркендеу бағытымен сәйкес
келіп отырғандығы байқалады. 19 ғасырдағы орыс
әдебиетінде Пушкин, Гоголь, Толстой сияқты алыптардың кезінде
әдеби сын да шарықтап шырқау биігіне көтерілді. 20
ғасырдағы әдебиетің сыны күні бүгінгі
биігіне шықты. Қазақ әдебиетінде үстіміздегі
ғасырдың алғашқы кезеңінде Абайдың,
Ахметтің, Мағжанның, Шәкәрімнің,
Жүсіпбектің т.б. шығармаларының жарық көруі
әдеби-сыншылық ой-пікірлердің жаңаша
қарқынмен дамуына түрткі болды.
Төңкерістен кейінгі
кездерде әдебиеттің саяси қолшоқпарға айналдыра
басағанда сын әдебиетімідің ұлттық сипатын
қорғап, ара түсті. Кейіннен көркем әдебиетте де
партиялық үстемдік орнаған кезде алдымен әділін айтып,
ақ сөйлеген сыншыларды қудалады. Азулы сынның
көмескіленуіне бірден-бір себепшінің де осы партиялық
әміршілдік болғанын ашық айтып жүрміз. Сын
әдебиеттің болашағы үшін күресін
жалғастырып жүріп, өзі де сонымен бірге соғысқа
дейінгі дәуірде қалыптасып, барлық жанрларда
жаңғыра түсті. Демек, артық-кем жақтарын
«түзетіп» отыратын сын болмаса, әдебиеттің тарихын,
бүгінгі әдебиетімізді көзге елестету мүмкін емес. Сынсыз
әдеби даму процесін бағдарлау қиын. Онсыз әдебиет
бет-бетімен шашыраған. Жүйесіз әдеби фактілерге, бей-берекет
құбылыстарға айналар еді. Бұл айтылғандардан
шығатын қорытынды сол: сын әдебиетпен бірге пайда болып,
бірге дамып, шығармашылық еңбектің ыстық-суығын
бірге көріп, біте қайнасып жатады екен. Ұлы сыншы В.Г.
Белинскийдің «Сынды өнер туғызған жоқ: екеуі де
уақыттың бір жалпы рухынан шықты. Екеуі де бірдей
дәуірдің сана-сезімі; бірақ сын философиялық санада да,
өнер тікелей сана. Ананың да, мынаның да мазмұны бір,
айырмасы түрінде ғана. Сынның маңыздылығы да
осындай жағдайларға байланысты» деуі де осы себептерден болса
керек.
Сонымен, сын әдебиет бар
жерде бар да, онымен тікелей байланыста бірге дамитындығын көреміз.
Міне, осыған қарай, кейбір зерттеушілердің сынды көркем
әдебиеттің бір саласына жатқызып жүрген себебі де
дәлелсіз емес сияқты. Бұл жерде мына нәрсе анық:
сынның әдебиетпен әруақытта бірге болып отырғандығы
рас, солай бола тұра сын әдебиет емес. Әдебиет-сынның
зерттеу объектісі ғана. Сол себепті ол барлық уақытта да
әдебиеттің басы қасында. Ол әдебиепен бірге
болғандықтан да әдеби сын аталады. Сол сияқты театр
сыны, көркем сурет сыны, музыка сыны, т.б. бар. Бүлардың
бір-бірінен басты айырмашылығы – зерттеу объектілерінде.
әдебиеттің негізгі объектісі-өмір. Ал, әдеби
сының негізгі мақсты – бүгінгі күн әдебиетінде,
әдеби процесте болып жптқан сипатты жаңалықтарды,
ондағы жетістіктер мен кемшіліктерді уақытылы ашып көрсетіп
отыру, яғни Белинский айтқандай: «сыншының өз ойлары
арқылы өнер мен әдебиет туралы өз ұғымын
білдіру» Сыншы бұл міндеттерді орындау үшін аналитикалық
талдау әдістерін қолданады.
Сын әдебиет бар жерде бар
да, онымен бірге дамиды. Сын әдебиетке көмекші сала ретінде, В.Г.
Белинский айтқандай, әдебиетті әр кезеңде
өзін-өзі танып отыру қажеттілігінен пайда болады. Солай бола
тұра, яғни көркем әдебиеттің қолбала
қызметшісі емес, әлеуметтік-эстетикалық ой-пікірлердің,
баспасөздің жан-жақты дамуының нәтижесінде
әдебиеттің ауқымынан шығып, қоғамдық
сананың басқа да түрлерімен байланысы күшейіп,
жаңаша сипаттарға ие болады. Әдеби сипатпен бірге басқа
да қасиеттерді бойына сіңірген, өзіндік ерекшеліктері бар аса
күрделі салаға айналды.
Сынның көркем
әдебиетке жатпайтындығы сияқты, әдебиеттану
ғылымына қосатын пікір де біржақты. Бұл жерде де
әдебиеттің ғылымы мен сынының өздеріне ғана
тән ерекшеліктерін жете ұғынбаушылық,
шатастырушылық бар. Рас, екеуінің де зерттеу
объектісі-әдебиет. Әдебиеттің ғылымы да, сыны да
көркем әдебиетті бірге зерттейді., талдайды, пікір айтып,
бағалайды. Бұл-екеуінің ұқсас жақтары.
Сынды әдебиеттану ғылымына жатқызып жүрген пікірлер
негізінен екеуінің де зерттеу объектісінің және талдап,
бағалаушылық жақтарының бар екендігіне сүйеніп,
айтылып жүр. Осылай бола тұра, әдебиет туралы ғылым мен
әдеби сынның арасында елеулі айырмашылықтары бар.
Сын мен әдебиеттану
ғылымы бір-бірімен өте тығыз байланыста қызмет етеді.
Бірінсіз бірін көзге елестету қиын. Шығу мерзімі
жағынан-сын алғашқы. Әдеби сын әдебиеттану
ғылымынан бұрын өмірге келген. Тіпті, өткен
ғасырдағы Белинский, Пушкиннің кездерінде де шын
мәніндегі әдебиеттану ғылымы болған жоқ. Ол
тұстарда әдебиеттің сыны мен ғылымы бірге,
әрқайсысы өз еншісін алған жоқ,болатын. Кейіннен
барып әдебитеттану ғылымы әдебиеттің сынынан
шығып қалыптасты.
Сын әдебиеттану
ғылымының алдында жүріп отыратындықтан оны кейде
«жылжымалы эстетика» деп те атайды. Өйткені, сын өз пікірін
көбіне ғылымға негіздей отырып айтады. Сын өз міндетін
ғылымға сүйенгенде, оның жетістіктерін дұрыс
пайдаланғанда ғана дұрыс орындай алады. Сол себепті
әдеби сын барлық уақытта да ғылымсилыққа
ұмтылып отырады.
Бақылау
сұрақтары:
- Қазақ әдебиеті сыныны ғылымының
маңызы неде?
- Қазақ әдебиеті сыныны ғылымының
қалыптасу тарихы қандай?
- Қазақ әдебиеті сыныны ғылымын зерттеген
ғалымдар кімдер?
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Д.Ысқақұлы
Сын өнері. А., 2001
2. Т.Кәкішев
Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996
3. Т.Кәкішев Сын
сапары. А., 1974
4. Т.Кәкішев
Оңаша отау. А., 1974
5. Ә.Нарымбетов
Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және
өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960,
А., 1997
6. М.Қаратаев
Әдебиет және эстетика. А., 1970
2 –тақырып: Әлемдік әдеби-эстетикалық
ой-пікірлер. Көне дәуірдегі сүбелі ойлар.
Қамтылатын мәселелер:
- Әлемдік әдеби-эстетикалық ой-пікірлер.
- Көне дәуірдегі сүбелі ойлар.
- Қазақ халқының
ежелгі сын өнері.
Әдебиеттің саны
ғана емес, сапасы да құнарланды. Көпшілік шын
өмірдің шынайы қасиетін түсінеді. Сөз
өнерінің
тақырыбы шексіз байып, шыншыл
сипаты тереңдеп, шеберлік
әлемінде жаңа леп
байқалды. Роман мен әңгіме, повестің, лирика мен
поэманың, драма мен сынның
ішкі
құнарындағы
өзгеріс жанрлар арасын
жақындата түсті.
Көркем өнердің даму
сатылары өз дәуірімен тығыз
байланысты.
Ғылыми-техникалық
революция
қоғамның
үрдіс
талғам-талабына ірі өзгерістер әкелді.
Көркем
өнердің
көкжиегі кеңейе түсіп,
эстетикалық және философиялық қағидамен байып,
дүниетаным тереңдеді.
60-90жылдары әдебиетімізде қандай
өзгеріс-жаңалықтар
болды, туындылардың өзіндік
сипаты қандай еді?
Соңғы ширек
ғасыр ішінде әдебиетіміз дүние
жүзі
мәдениетінің
жетістік-желісін бойына сіңіре
отырып
көркейді-әлемдік
эстетика мен көркем
ой да айтарлықтай дамыды.
Қазір туған әдебиетімізге жұмыр
жердегі барлық құбылыс, барша
тартыс-күрес
тақырып болып отыр.
Көркем
шығарманың
азаматтық әуені артып,
көркемдік қуаты өсті.
Қазіргі әдебиеттегі жемісті
беталыс-шын
өмірдің шыншыл бейнесін
жасау, тіршілік өмірін
бойлау, зерделі ой
түйіндеу, жеңілдіктер, бірліктен (стандарттан) іргелі
аулақ салу, тіл
кестесін
құнарландыру-осынау
шынайы ізденістен туған
әдебиетіміздің
жасыл құрқтай жайқалары толассыз. Көркем сөздің эстетикалық әсері
мен тәрбиелік мәні
өсті-жақсы кітап қолымыздан түспейтін жан
азығымызға айналды.
Алдыңғы қатарлы
адамзаттың
көркем өнермен байланысы-әдебиеттің гүлденуінің басты
бір шарты. Классикалық құнарлы әдебиет
дәстүріне иек арту
айтарлықтай
жетістіктерге жеткізеді.
Қазіргі қым-қуыт жағдай
әдебиет әлеміне айтарлықтай өзгеріс
әкелгені сөзсіз. Бірақ
уақыт өткен сайын
өркениетті
еліміздің өз қалауына жетері
толассыз-өнер өз орнында
шырақтай жанары да
күмән келтірмейді.
Қазіргі уақыттағы жетекші
жаңалықты
жинақтап, топтап айтсақ
адам жанының нелер
құпия
тебіренісін
өмірдің алау тынысында
бейнелеу-бүгінгі
прозалық басты сипаты. Қашаннан көркем
сөздің
мақсат-мүддесі-адамның
ішкі дүниесін ашу,
ал өрнек-бояуды құбылту – осы талаптан
туады.
Сондықтан да
қазір кейіпкерді замананың от
көрігінде көреміз.
Қашаннан белгілі күшті,
қуатты тартыс өмірдің тегеурінді
кездері
қаһарманның
да рухани айдынын
мінез қасиетін айқара
ашуға мүмкіндік береді.
Кез келген
оқиғаның
өнерге өзек бола
бермейтінін жақсы түсінген жазушылар
заманға сай шымыр
тартысты таңдап алуға
айрықша мән беруде.
Жазушы жанары
кітаптың алтын арқауы.
Адам да, әдебиет
те - уақыт перзенті.
Жиырмасыншы ғасыр адамның
күрделі
дүниетанымын зерделеу үшін
көптеген жаңа көркемдік әлеміне
сіңісіп, мидай
араласып кетуі - аян
сыр, сол сияқты үшінші
жақ пен бірінші
жақты кірістіріп, заманның лепті
толқынын бейнелеу де
белгілі тәсіл. Кейде
шығарма желісінде тосыннан
араласып кетерін, бірақ
бір қарағанда а әңгіме жүйесіне қатысы
жоқ сияқты көрінетін – монолог, сөйлем,
кейіпкер – бүгінгі
замандастық
күрделі сезім әлемі
мен замана лебін
юейнелеуден туған тәсіл.
Замандастар бейнесін
жаңаша толғауды М.Әуезов «Өскен
өркен» романымен ашқан
еді. Ойшылдық пен сыршылдың – бұл шығармашылық өрелі
қасиеті.
Роман түйіліп
келген болмастың өзі
тәрізді. Өмірдің
тылсым бейнесі жүрегімізді қатты-қатты соқтырады, дабыл қаққан тартыс
бізіді де ала
жөнеледі. Ар-ұжданың
оянсын деп атой
салады. Шығармада шаттық
пен қайғы, қызу
еңбек суреті мен
иірім-иірім ой жатыр.
Кейіпкерді әлеуметтік-психологиялық тарам-тарам
шымыр драмалық тартысқа салу-қазіргі әдебиеттің негізгі
ерекшелігі,
Әбдіжәміл
Нүрпейісовтің
«Қан мен тер»
романы соған дәлел.
Сондықтан да
кейде қатал, кейде
жасық, кейде аңқау жандардың шоғыры
өмірден ойып алған
шыншыл
қасиет-тағдыр
иесі Еламан, Ақбала,
Айғанша, Мөнке, Тәңірберген, Мюнхаузендер оқушы
көңілінен
лық орын алса,
ол-қыруар қасиет жемісі.
Кітаптың образ
жүйесін тұтас сарамағанда, жазушы
мақсат-мүддесінің
көндігіш,
мүмкіндігінің молдығына еріксіз
сүйсінесіз. Күрескер
өмірдің ащы,
шытырман шағында ғұмыр кешкен
Еламандардың рухани қуаты
сал сана сапырылысымен
азапты дала етеді.
Қазақ
елінің аса бір
трагедиялы кезін қою
суреттер мен кез
алдыңызға алып келген
бірінші
дүниежүзілік
соғыстың
қалды жылдары: Арал балықшылары, аш
сәбидің шырылы, меңіреу
аспанға жалынышпен қол
қойған ана, күндес
әйелдердің азабы жүздеген адамның
нақақ
өлімі,
ұзақ жылдар сүттей
ұйыған тату ағайынның болмашыға пышақтасуы, іргелі
елді жорытқанның жолына
құрбандық
қылған
рушылдық пен алауыздық, нәтижесіз еңбек,
көздің жасы, бір
жақта
ырғалып-жырғалған
ақ шаңқан ауыл,
екінші жақта жоқшылық жайлаған күрке-қос, бір
ұяда егіз балапандай
татулық жолында оқ
жыландай арбасқан жуыздық
пен жан дәрмен
әлсіздік қан мен
тер бұл теңіздей күркіреген үлкен
өмір сарыны. Төңкеріс алдындағы қазақ қоғамының тарихи
шындығы.
Бақылау
сұрақтары:
- Ежелгі сын өнері жайлы қандай тың мағлұматтар
білесің?
- Көне дәуірдегі сүбелі ойлар мен бүгінгі сын өнерінің
арақатынастары қандай?
- Әлемдік әдеби-эстетикалық ой-пікірлер айтқын
қандай ғалымдарды білесің?
- Бүгінгі сын өнерінің даму бағыты қандай?
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Д.Ысқақұлы
Сын өнері. А., 2001
2. Т.Кәкішев
Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996
3. Т.Кәкішев Сын
сапары. А., 1974
4. Т.Кәкішев
Оңаша отау. А., 1974
5. Ә.Нарымбетов
Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және
өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960,
А., 1997
6. М.Қаратаев
Әдебиет және эстетика. А., 1970
3 –-лекция: Қазақтың ұлы
ағартушы-демократтарының сыни ойлары. Уалихановтың,
Алтынсариннің көркемдік танымы, Абайдың эстетикалық
көзқарасы.
Қамтылатын
мәселелер:
- Қазақтың
ұлы ағартушы-демократтарының
сыни ойлары.
- Уалихановтың, Алтынсариннің көркемдік
танымы.
- Абайдың эстетикалық көзқарасы.
«Сын дегеніміз не?» деген
сұраққа жауап беру үшін алдымен, әдеби
сынның пайда болу, даму жодарына ой жүгірткен жөн. Сын
қашан пайда болды? Бұл жерде әдебиет пен сынның
қайсысы бұрын пайда болған деп, оған тура жауап
берудің өзі қиын. Кезінде А.Пушкин мен А.Бестужев
екеуінің осы мәселеде айтысып, бір мәмілеге келе
алмағаны белгілі. Шындығында да, әдебиет пен оның
сынының бірін алға шығарып, екіншісін соның салдары
ретінде қарастыру екі ұшты. Дұрысы-әдебиет пен сын
өмірге бірге келеді, бірінсіз-бірі жоқ деп түсіну. Сонымен,
сын әдебиет пайда болған кезден бері өмір сүріп келеді.
Сын алғашқы ақын жұрт алдына шығып, өз
өлеңін оқығанда, немесе шебер әңгімеші
ертегі, аңыз, мақал-мәтел айтқан шақта оның
тыңдаушыға ұнаған, ұнамаған пікірі ретінде
көрінді. Т.Кәкішев : «халық болған жерде
творчестволық өмір бар, өнер бар, белгілі
көзқарас, эстетикалық талғам бар» деп жазды. Бұл-
халық болған жерде әдебиет, халықтң сол көркем
сөз өнеріне деген сыншыл көзқарасы болады деген
сөз.
Б.э.д. 6 ғасырда ертедегі
Римде сыншы сөзі белгілі бола бастады. Болашақ патша Птоломей
2-нің ұстазы Косадан шыққан Филипті халық
«ақын, әрі сыншы» деп атады. Кейінрек Маллостық Кратең
өзін александриялық «тілшілерден» артық етіп көрсету
үшін сыншы деп атады. Бірақ, көпке дейін сын текстология
ұғымында түсініліп келді. Қазіргі мағынасында
Ю.скалигердің «Поэтикасында» қолданылды. Бұл
трактаттардың рим әдебиетін шолып, бағалауға
арналған алтыншы кітабы. «Сын» деп аталынды. Жеке адамдардың
әдеби сын бойынша тұңғыш елеулі еңбек
қалдырғандар деп Платон, Аристотель, Аристарх,
әл-Фарабилердің есімдері аталынады. Кейіннен сыни бағыттар,
мектептер шыға бастады. 16 ғасырда Италияда әдеби сын
тұтас бір сала ретінде қалыптасты. Венецияның көркем
сыны алғашқы сыни мектеп ретінде белгілі. Еуропа әдебиетінде
Буало мен Дидроның есімі шын мәніндегі алғашы сыншы делініп
жүр.
Орыс әдебиетінде «критик»
сөзін бірінші рет 1789 жылы Қантемір «тура қазы»
ұғымында қолданған. Ал «критика» сөзін өз
мағынасында 1750 жылы Тредиаковский жазды. В.А.Жуковский «Сын дегеніміз –
жетілген талғамға негізделген тура және айқын
айтылған пікірлер. Сіз поэма оқисыз, сурет көресіз, соната
тыңдайсыз, сонда қанағаттанғандықтан, немесе
қанағаттанбағандықтан сезімге бөленесіз- осы
талғам, осылардың себебін талдасаңыз- осы сын» деген
қарапайым анықтама берді. «Алтын ғасырының» алыптары
Пушкин, Толстой, т.б. 19 ғасырдың екінші жарымында
қазақ даласында «Дала уалаятының газеті» , «Түркістан
уалаятының газеті» сияқты ұлттық
баспасөздің алғашқы қарлығаштары шыға
бастады. Осы газеттердің беттерінде әдебиет туралы пікірленр
түңғыш рет көрінді. Кейіннен «Айқап»,
«Қазақ» сияқты басылымдар үлттық
әдебиеттің мәселелерін әртүрлі деңгейде
көтере бастады. Төңкеріске дейінгі дәуірде әдеби
сынның пайда болып, қалыптаса бастауына 19 ғасырдың
екінші жарымынан бастап советтік дәуірге дейін созылған
қазақ әдебиетінің ренессанстық кезеңі де
тікелей күшті әсер етті. Әсіресе, 20 ғасырдың
басында абай өлеңдерінің, қазақтың тұңғыш
романы М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамалының», А.
Байтұрсыновтың «Маса» жинағының басылып шығуы,
қазақ поэзиясында Мағжанның көрінуі әдеби
сынды да алға тартты. Қазан төңкерісінен кейінгі
кезеңдегі әлеуметтік-саяси , мәдени әдеби жағдай
көркем сынға ауыр жүк артты. Қазақ әдеби
сыны ұлттық әдебиетіміздің жай-күйі туралы
барлық жанрларда дерлік барынша үн қатты. Сынмен арнайы
айналысатын профессионал сыншылар шығып, өнімді еңбенк ете
бастады.
Л. Аннинский «Сын
өзінің арнаулы предметімен де, тіл жағынан да көрем
өнердің бір түрі болып табылады… Шын мәніндегі сын
құрғақ ұғымдар арқылы емес, жанды
сөзбен жазылады. Сондықтан да, нағыз сын мен прозалық
шығарманың бір-бірінен айырмасы бар болғаны, айталық,
проза мен скульптураның айырмасындай-ақ» деп жазды . Ал белгілі
сыншы В. Кожинов осы пікірді былайша дәлелдейді: «сын әдебиет
жүйесінде ғана өмір сүре алады», әдебиетсіз сын
жоқ; жазушы шығарма жазады, ал оны әдебиет жүйесіне
қосатын сын, әдебиетті қалыптастыратын да сын, сын мен
әдебиет біртұтас, өйткені сын- әдебиеттің
бастаушы, ұйымдастырушы құрамдас бөлігі, маңызды
жағы.
Қазақ әдеби
сынының жай-күйін қозғап, баспасөз бетінде
жариялаған мақалалардың көпшілігінде дерлік сынды
әдебиетке жатқызып, соның аясында қараушылық басым.
Сынды көркем әдебиетке де, әдебиеттану ғылымына да
жатқызбай, эстетиканың сөз өнерін зерттейтін саласы
деген де пікір бар. Енді біреулер сынды көркем әдебиетке де,
ғылымға да жатқызбай , оның қоғамдық
ой-пікірдің дамуындағы монополиялық роль атқаруын талап
етеді.
Әдеби сынның тарихына
көз жіберсек оның пайда болу, даму жолдарының
әдебиеттің өсіп-өркендеу бағытымен сәйкес
келіп отырғандығы байқалады. 19 ғасырдағы орыс
әдебиетінде Пушкин, Гоголь, Толстой сияқты алыптардың кезінде
әдеби сын да шарықтап шырқау биігіне көтерілді. 20
ғасырдағы әдебиетің сыны күні бүгінгі
биігіне шықты. Қазақ әдебиетінде үстіміздегі
ғасырдың алғашқы кезеңінде Абайдың,
Ахметтің, Мағжанның, Шәкәрімнің,
Жүсіпбектің т.б. шығармаларының жарық көруі
әдеби-сыншылық ой-пікірлердің жаңаша
қарқынмен дамуына түрткі болды.
Төңкерістен кейінгі
кездерде әдебиеттің саяси қолшоқпарға айналдыра
басағанда сын әдебиетімідің ұлттық сипатын
қорғап, ара түсті. Кейіннен көркем әдебиетте де партиялық
үстемдік орнаған кезде алдымен әділін айтып, ақ
сөйлеген сыншыларды қудалады. Азулы сынның
көмескіленуіне бірден-бір себепшінің де осы партиялық
әміршілдік болғанын ашық айтып жүрміз. Сын
әдебиеттің болашағы үшін күресін
жалғастырып жүріп, өзі де сонымен бірге соғысқа
дейінгі дәуірде қалыптасып, барлық жанрларда
жаңғыра түсті. Демек, артық-кем жақтарын
«түзетіп» отыратын сын болмаса, әдебиеттің тарихын,
бүгінгі әдебиетімізді көзге елестету мүмкін емес.
Сынсыз әдеби даму процесін бағдарлау қиын. Онсыз
әдебиет бет-бетімен шашыраған. Жүйесіз әдеби
фактілерге, бей-берекет құбылыстарға айналар еді. Бұл
айтылғандардан шығатын қорытынды сол: сын әдебиетпен
бірге пайда болып, бірге дамып, шығармашылық еңбектің
ыстық-суығын бірге көріп, біте қайнасып жатады екен.
Ұлы сыншы В.Г. Белинскийдің «Сынды өнер туғызған
жоқ: екеуі де уақыттың бір жалпы рухынан шықты. Екеуі
де бірдей дәуірдің сана-сезімі; бірақ сын философиялық
санада да, өнер тікелей сана. Ананың да, мынаның да
мазмұны бір, айырмасы түрінде ғана. Сынның
маңыздылығы да осындай жағдайларға байланысты» деуі де
осы себептерден болса керек.
Сонымен, сын әдебиет бар
жерде бар да, онымен тікелей байланыста бірге дамитындығын көреміз.
Міне, осыған қарай, кейбір зерттеушілердің сынды көркем
әдебиеттің бір саласына жатқызып жүрген себебі де дәлелсіз
емес сияқты. Бұл жерде мына нәрсе анық: сынның
әдебиетпен әруақытта бірге болып отырғандығы рас,
солай бола тұра сын әдебиет емес. Әдебиет-сынның
зерттеу объектісі ғана. Сол себепті ол барлық уақытта да
әдебиеттің басы қасында. Ол әдебиепен бірге
болғандықтан да әдеби сын аталады. Сол сияқты театр
сыны, көркем сурет сыны, музыка сыны, т.б. бар. Бүлардың
бір-бірінен басты айырмашылығы – зерттеу объектілерінде.
әдебиеттің негізгі объектісі-өмір. Ал, әдеби
сының негізгі мақсты – бүгінгі күн әдебиетінде,
әдеби процесте болып жптқан сипатты жаңалықтарды,
ондағы жетістіктер мен кемшіліктерді уақытылы ашып көрсетіп
отыру, яғни Белинский айтқандай: «сыншының өз ойлары
арқылы өнер мен әдебиет туралы өз ұғымын
білдіру» Сыншы бұл міндеттерді орындау үшін аналитикалық
талдау әдістерін қолданады.
Сын әдебиет бар жерде бар
да, онымен бірге дамиды. Сын әдебиетке көмекші сала ретінде, В.Г.
Белинский айтқандай, әдебиетті әр кезеңде
өзін-өзі танып отыру қажеттілігінен пайда болады. Солай бола
тұра, яғни көркем әдебиеттің қолбала
қызметшісі емес, әлеуметтік-эстетикалық ой-пікірлердің,
баспасөздің жан-жақты дамуының нәтижесінде
әдебиеттің ауқымынан шығып, қоғамдық
сананың басқа да түрлерімен байланысы күшейіп,
жаңаша сипаттарға ие болады. Әдеби сипатпен бірге басқа
да қасиеттерді бойына сіңірген, өзіндік ерекшеліктері бар аса
күрделі салаға айналды.
Сынның көркем
әдебиетке жатпайтындығы сияқты, әдебиеттану
ғылымына қосатын пікір де біржақты. Бұл жерде де
әдебиеттің ғылымы мен сынының өздеріне ғана
тән ерекшеліктерін жете ұғынбаушылық,
шатастырушылық бар. Рас, екеуінің де зерттеу объектісі-әдебиет.
Әдебиеттің ғылымы да, сыны да көркем әдебиетті
бірге зерттейді., талдайды, пікір айтып, бағалайды.
Бұл-екеуінің ұқсас жақтары. Сынды
әдебиеттану ғылымына жатқызып жүрген пікірлер негізінен
екеуінің де зерттеу объектісінің және талдап,
бағалаушылық жақтарының бар екендігіне сүйеніп,
айтылып жүр. Осылай бола тұра, әдебиет туралы ғылым мен
әдеби сынның арасында елеулі айырмашылықтары бар.
Сын мен әдебиеттану
ғылымы бір-бірімен өте тығыз байланыста қызмет етеді.
Бірінсіз бірін көзге елестету қиын. Шығу мерзімі
жағынан-сын алғашқы. Әдеби сын әдебиеттану
ғылымынан бұрын өмірге келген. Тіпті, өткен
ғасырдағы Белинский, Пушкиннің кездерінде де шын
мәніндегі әдебиеттану ғылымы болған жоқ. Ол
тұстарда әдебиеттің сыны мен ғылымы бірге,
әрқайсысы өз еншісін алған жоқ,болатын. Кейіннен
барып әдебитеттану ғылымы әдебиеттің сынынан
шығып қалыптасты.
Сын әдебиеттану
ғылымының алдында жүріп отыратындықтан оны кейде
«жылжымалы эстетика» деп те атайды. Өйткені, сын өз пікірін
көбіне ғылымға негіздей отырып айтады. Сын өз міндетін
ғылымға сүйенгенде, оның жетістіктерін дұрыс
пайдаланғанда ғана дұрыс орындай алады. Сол себепті
әдеби сын барлық уақытта да ғылымсилыққа
ұмтылып отырады.
Әдебиетті оның сыны
мен ғылымы бірігіп зерттейді дегенді жоғарыда айтылған.
Бірақ, екеуінің зерттеу объектісі бір болғанымен, ішінара
мерзім жағынан «бөлісіп» алатындығын байқаймыз. Сын
көбіне бүгінгі әдеби процесті зерттейді, оның
ертеңгі даму қамын ойластырып, жол көрсетіп отырады.
Бұл ретте сынды әдебиеттің келешегі туралы ғылым деп
шартты түрде айтуға болатын секілді. Ал, әдебиеттің
ғылымына келсек, ол көбіне әдебиеттің өткенін
зерттейді. Осы мәселеге дәстүр мен жаңашылдық
проблемасы тұрғысынан келетін болсақ, сын әдебиеттен
көбіне жаңашыл нышандар іздейді, оны жаңа асуларға
жетелейді. Ғылым әдебиетті бұрыннан келе жатқан
дәстүр ізінде қарастырады. Әдебиетіміздің даму
жолдарындағы дәстүрдің бүгінгі көрінісі
қандай деген сауалға жауап беруге тырысады. Қазіргі кезде
әдебиет ғасырлар бойы
жасалынып келе жатқан көркем сөз
мұрамыздың заңды даму жалғасы ретінде ғылыми
тұрғыдан зерттелінсе, әдеби сында ертеңгі күн
әдебиетінің басы деп ұғынылып, қарастырылады.
Бақылау
сұрақтары:
- Бағыттың басты сипаты мен
көрнекті өкілдері кімдер?
-
Спандияр Көбеевтің қандай
еңбектерінде сыни ой-пікірлері
көрінеді?
-
Ы. Алтынсариннің әдеби жанрлардың,
әдеби сынның қалыптасуына тигізген әсер-ықпалы
қандай?
-
Абай өлеңдерінде, қарасөздерінде
көрінген сынның маңызы
қандай?
Пайдаланылатын
әдебиеттер:
1. Д.Ысқақұлы
Сын өнері. А., 2001
2. Т.Кәкішев
Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996
3. Т.Кәкішев Сын
сапары. А., 1974
4. Т.Кәкішев
Оңаша отау. А., 1974
5. Ә.Нарымбетов
Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және
өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960,
А., 1997
6. М.Қаратаев
Әдебиет және эстетика. А., 1970
4-лекция: ХІХ
ғасыр және ХХ ғасырдың басында қазақ
баспасөзінің тууы. Баспасөз бетіндегі әдебиеттік
материалдар. Олардың эстетикалық тәрбиедегі орны.
«Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің маңызы
Қамтылатын
мәселелер:
-
ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың
басында қазақ баспасөзінің тууы.
-
Баспасөз бетіндегі әдебиеттік материалдар.
Олардың эстетикалық тәрбиедегі орны. «Айқап» журналы
мен «Қазақ» газетінің
маңызы
-
Алғаш журналистиканың қалыптасуы,
оның сын өнеріне әсер-ықпалы.
-
Әдеби сын ғылыми
және образды ойлаудың барысында туатын болғандықтан да
оның жазылу стилінен бұл сипаты айқын көрінеді.
Неғұрлым ғылыми стильмен жазылған сынның
өрісі щде тарыла береді. Сынның аудиториясы кең, көпшілікке
арналғандықтан да барынша ғылымилықтан арылып,
оқырман қауымға түсінікті көркем тілмен
жазылғаны жөн. Біздің бүгінгі әдеби сынымызды осы
көркемдік сипаттар жетіспей жататын кездері де бар.
Ғылымилықтың тонын жамылған,
құрғақ, жаттанды тілмен, стандарт қалыппен
жазылған сын мақаланы әрине, жұртшылықтың
тұшынып оқымайтыны анық. Сонымен, әдеби сыни
еңбектерде ғылыми мен көркем стильдер шебер ұштасып
жатуы керек.
Сөйтіп,
әдебиеттің сыны мен ғылымының
ұқсастық жақтары олардың зерттеу
объектілерінің бірлігінен, адресінен – оқырманға
бағышталғандығынан, методологиялық негізі мен зерттеу
әдістерінің ортақтығынан, ойлау ерекшелігі, жазу
мәнері жағынан да көрінеді екен. Әдеби сынның
ғылымилылық сипаты әдебиеттану ғылымцымен
байланыстылығында ғана емес, бүкіл қоғамдық
ғылымдармен қатыстылығынан да көрінеді. Әдеби
шығарма қоғамдық өмірдің көркемдік
көрінісі болса, сол өмір шындығының қалайша
көркемдік сипатқа ие болғандығын анықтауға
тек әдебиеттану ғылымының шамасы келе бермеуі мүмкін.
Әлеуметтік өмірдің сан –саласын түрлі қырларынан
зерттейтін тіл білімі, тарих, этнография, философия, заң, экономика,
психология, педагогика, этика, эстетика сияқты ғылым тарауларымен
де әдеби сын тікелей байланыста болады. Егер сыншы тіл білімімен
қаруланбаса, шығарма тілінің көркемдік қасиеттері
жайлы айта алмаған болар еді.
Тұжыра айтқанда,
әдеби сынның ғылыми сипаты айқын. Ол өз
қызметінде әдебиеттану ғылымының, одан қалды
бүкіл қоғамдық ғылымдардың жетістіктеріне
сүйене отырып қана объективті пікірлер айта алады. Ал, Плеханов
көркем шығарманы толық және жетік түсіну тек
философиялық сын арқылы ғана мүмкін деп білген.
Сөз өнеріне жататын әдебиет туралы пікір білдіріп, баға
беруге, оқырманның өресі жетпей жатқан жерін
түсіндіріп, оны ұсынуға тиіс әдеби сын
сұлулықтың жалпы заңдылықтарын зерттейтін
эстетика ғылымымен тығыз байланысып, оның практикадағы
қолданылуы болып та көрінеді. Әдеби шығарманы тек
көркем өнер тұрғысынан талдайтын эстетикалық сын
да бар.
Сынның әдеби,
ғылыми, эстетикалық сипаттары секілді, публицистикалық сипаты
да негізгі қасиеттерінің бірінен саналады. Сынның
публицистикалық сипатына қарай, оны журналистика деп қарайтын
пікірлердің бар екендігіне жоғарыда тоқталып өтті. Сын
журналистика емес, публицистикалық – оның табиғи
қасиеті.
Рас, сынның дамуында
баспасөздің рөлі айрықша. Сынның негізгі
өмірі – баспасөзде. Баспасөз бар жерде әдеби сын бар. Сынның
дамуы баспасөздің дамуымен тікелей байланысты. Баспасөз
жоқ кезде шын мәніндегі әдеби сын да болмайды. Баспасөз
– сынның өмір сүру формасы, даму арнасы. Әдеби сын
газет-журналдар бетінде көрініп, өмір сүреді десек, сонымен
бірге журналистиканың мүмкіндіктерін де молынан
пайдаланатындығы көрінеді. Сын журналистиканы өз
қажетіне қарай кеңінен қөолданады. Мысалы,
аннотация, рецензия, мақала, шолу сияқты баспасөздің
жанрлары-сынның да жанрлары. Сые мен журналистиканың мақсаты
да ұқсас: қоғамдық өміріміздің
түрлі салаларыцнда болып жатқан жаңалықтардыц дер
кезінде халыққа жеткізіп отыру журналистика үшін басты
мұрат болса, әдеби өмірдегі елеулі нышандары насихаттап отыру
– сынның да негізгі міндеті.
Публицистиканың негізгі
мақсаты бүгінгі күннің өзекті өңірлерін
жырлау деп ұғынсақ, сынның да басты мұраты –
қазіргі әдеби процестің зәру проблемаларын
көрсету. Сол әдебиетте қоғамдық
өмірдің барлық саласы көрініс табатындықтан
оған пікір білдіретін әдеби сын да тек көркемдікті сөз
етіп қоймай, әлеуметтік мәселелерді де қозғайды.
Сын мақаланы
көпшіліктің оқуы үшін оның кімге арналып
жазылатындығын, аудиторияның біліміне, мүддесіне орай
қаншалықты дәрежеде қабылдай алатындығын ескеру
маңызды. Қандай оқырманға
бағышталғандығы сын мақалада а йтылар ой мен оның
жазылу мәнерін анықтайды. Айтылар ой мен аудиторияның
ерекшеліктерінен барып, оның жанры мен берілу түрі
таңдалынады. Әдеби сынның жемісті жолда жүріп отыруы
үшін оның шапшаңдығы, жауынгерлігі, көпшілікке
арналғандығы секілді қағидаларды басшылыққа
алады.
Баспасөздің
өркендеуі де белгілі бір халықтың мәдениеті мен
әдебиетінің, ғылымы мен жалпы қоғамдыцқ
ой-пікір дәрежесімен тікелей байланысты болғандығын ескеру
керек. Сынның әдеби, ғылыми сипаттарымен қатар,
публицистикалық та қасиеті бар екендігін мойындап отырып,
оның барлық уақытта да әдеби өмірдің
өзі ұсынып отырған өзекті мәселелерді шешудегі
белсенділігін арттыра түсуге ұмтылған жөн.
Әдеби сын көркемдік
дамуда ғана емес, жалпы қоғамдық ой-пікірдің
өрістеуінде де маңызды роль атқарады. Сынның
дәрежесі сол кездегі әдебиеттің, мәдениеттің,
баспасөздің деңгейімен бірге әлеуметтік
жағдайларға, ой-пікірлерге де тікелей байланысты.
Өткен ғасырдағы
Россияның саяси әлеуметтік сілкіністер Белинский бастаған бір
топ сыншыларды әдебиет майданына әкелді. Олардың сыншылық
қызметін соншалық биікке көтерген сол кездегі әдебиет
алыптарымен бірге, қоғамдық ой-пікірлердегі батыл ізденістер
де еді. Үстіміздегі ғасырдың басында орыс әдеби сынында
жаңа кезең басталды. Қос ғасырдың
түйісіндегі Европадағы саяси ойлардың орталығы қоғамдық,
әлеуметтік, экономикалық қайшылықтары шегіне жете
шиеленіскен Россияға ауысты.
Әдеби сынның
тарихында тұрпайы социорлогиялық сындардың көрініп,
келеңсіз жағдайларға ұшырауы оның
әлеуметтік сипатын асыра бағалап, таптық, партиялық,
көзқарас деңгейінек дейін көтерген сол кездегі
партиялық, мемлекеттік саясаттың тікелей салдары еді.
Әдеби сынның
әлеуметтік сипаты жайлы А. Байтұрсынов былай деп жазады:»қара
сөзде әдебиет жүзінде таласы көп сөздер
әлеумет мәселелері турасындағы пікірлер де болады.
Сын – сан сипаты, аса
күрделі сала. Оны апарып мынаған жатады деп, тар көлемге
тығып қоюға келмейді. Әдеби сын бей-берект
құбылыс емес. Оның да ғасырлар бойғы
дамудың нәтижесінде қалыптасқан өзіндік
құрылымы, жүйесі бар.
Сонымен, әдеби сынның
әлеуметтік сипаты айқын. Сынның әдеби, ғылыми,
публицистік сипаттары қандай болса, әлеуметтік сарыны да солай.
Қоғамдық, мәдени өмірдің әлеуметтік –
саяси мәселелеріне араласу сынның өмірімен байланысын
арттырып, мән-маңызын күшейте түседі.
Бақылау
сұрақтары:
1. ХІХ ғасыр және ХХ ғасыр басында қазақ
даласында қандай газет-журналдар пайда болды?
2. Абай шығармашылығына байланысты алғашқы
мақала қашан шықты?
3. Алғашқы мақалаларда көрінген қандай
негізгі кемшіліктер болды?
4. ХХ ғасырдың бас кезіндегі
қоғам өмірі жайлы,
әдеби шығармалар жайлы М.
Әуезовтің қандай мақалалары бар?
Пайдаланылатын әдебиеттер.
1. Д.Ысқақұлы
Сын өнері. А., 2001
2. Т.Кәкішев
Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996
3. Т.Кәкішев Сын
сапары. А., 1974
4. Т.Кәкішев
Оңаша отау. А., 1974
5. Ә.Нарымбетов
Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және
өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960,
А., 1997
6. М.Қаратаев
Әдебиет және эстетика. А., 1970
5 –-лекция: Жазба әдебиеті және сын.
Қамтылатын мәселелер:
- XX
ғасырдың
алғашқы
ширегіндегі қазақ әдебиетінің жалпы
жағдайы. Әдебиеттегі
түрлі ағымдар мен
бағыттар. Әдеби сын
мен әдебиеттану
ғылымының деңгейі.
- М. Әуезовтің журналистік,
сыншылдық
қызметі.
Алғашқы
әдеби мақалалары:
"Абайдың өнері һәм қызметі",
"Қазақ әдебиетінің бүгінгі
дәуірі", "Қызыл
сұңқарлар".
-
Қазақ әдебиеті туралы " Қобыланды батыр" мақалалары мен
"Әдебиет
тарихы" зерттеу кітабының әдебиеттану ғылымындағы алатын
орны.
Қазақ әдебиеті
сынының алғашқы мәнді толқыны 1921-1925 жылдар
аралығында өтті. Бұл тұста әдебиеттің жалпы
проблемасынан гөрі жеке дарындардың күш-қуатын,
алған бағытын, ұстанған мұратын айқындау
мәселесі төңірегінде пікір сайыстары болды. Әдебиетте
аты шыққан өкілдерінің шығармалары сарапқа
түсті.
Жаңа заманның негізгі
идеялары жер-жерде ерікті-еріксіз өріс алып, идеологиялық
қаруға айналғанда, төңкерісшілдік тенденция
көпшіліктің өрекпіген көңілінен
шығуға талпынды. Сәкен Сейфуллин оған серке болды.
Оның қоғамдық, мемлекеттік ісі, әлеумет
алдындағы абыройы 1922 жылы үш кітабын «(«Асау тұлпар» атты
өлеңдер жинағы, «Қызыл сұңқарлар»»
деген төңкерісшіл пьесасы, «Бақыт жолында» драмасы)
шығаруға жағдай жасады.
Сәкеннің «Қызыл
сұңқарлар» пьесасы бірінші болып сыналды. «Қоңыр»
деген бүркеніш атпен «Шолпан» журналының 1922 жылғы 2-3
санында Орынбор қаласынан таяуда ғана Ташкентке ауысқан
Мұхтар Әуезов жазды.
Өзі «Еңлік-Кебек»,
«Бәйбіше-тоқал» трагедияларын жазған автор бұл
пьесадағы драматургиялық кем-кетіктерді, диалогтардың
олпы-солпылығын, оқиға динамикасының солғындығын,
тіл кестесіндегі кейбір оралымсыздықты, адам образдарын сомдаудағы
жетіспеушілігін, «кітапта түгел көрінген бір адам (законченный,
цельный тип) жоқтықтан, жазушының адам
танымайтындығынан бар кісі тұтасып, бір-ақ кісі болып
кеткендіктен, екінші, адамдардың жан ыспаты (психологиясы)
көрінбейтін жарты адамдар болғандығынан, үшінші,
Еркебұлан деген ат сияқты ешбір ойсыз, ақылға
сыймайтын, қисындылық (целесобразность) дегеннен алыс
тұрған қалыптарына қарағанда, бұл кітапты
өзге жақтарынан сынау орынсыз» деп тағы басқа көркемдік
біраз кінәраттарды көре білгенімен, негізгі қорытындысын,
әсіресе қазақтың төңкерісшіл сахнасына
шыққан Еркебұланды даттап ауызға алып, «бәрі
сөйлетіп қойған граммофон секілді, бәрі
Сейфуллиннің бір-ақ қалыбына соғылған жансыз
адамдар» деп табуын қоштай қою қиын.
Ал төңкерісшіл
әдебиеттің жақтастары бұл тұжырымға
қарсы шығып, «Қызыл сұңқарлардан»
басқаша қасиет тапты. «Жыл құсы» деген мақалада
«бұл пьесаны еңбекшілер табының төкерісі
туғызған, оның геройлары – күллі еңбекші тап.
Қоңыр мырза бұл пьесаның қазақ
әдебиетінің тарихының бетінде орын алуына шектенсе де, біз
шектенбейміз. Қазақ әдебиетінің бет алысын жаңа
ағымға бұрып, жол салған – «Қызыл сұңқарлар».
Сондықтан ол – «жыл кұсы» («Е.Қ.» 02.02.1923) деген
төңкерісшілдер қорытындысын әлеуметтік-көркемдік
тұрғыдан кейінгі тарих толық растады.
Ал қазақ кеңес
әдебиетінің тұңғышы – «Асау тұлпар»
өлеңдер жинағы жайында «Темірқазық» журналында
Нәзір Төреқұловтың атынан шыққан
мақала осы даттау тенденциясын соза түсті. Сәкенді
творчестволық тұлға деп тану, ақындық
өнеріне әділ баға беру мәселесіне ойысқанда
«Сөздің қысқасы, мұндай білімсіздікпен
өлең жазып, әуре болып жүрудің өзі
ұят. Сәкеннің өз ақылымен жазғандары
түкке жарамайды. Нәзірдің осы мақаласы 1923 жылы орыс,
татар, башқұрт, өзбек, қырым татарлары, тағы
басқа тілдерге аударылып басылғанда Қазақсатнның
жас қаламгерлері онға тарта мақаламен қарсы жауап
бергендерін тәптіштеп айтып жатудың қажеті болмас.
Өйткені «Известия Киргизского обкома РКП (б)» журналында
тарихи-эстетикалық тұрғыдан «Асау тұлпардың»
қадір-қасиеті айқындалды. «Бұл жинақытң
кұндылығы мынада: біз әрбір жылдың өзгерісіне
байланысты өлең мазмұнының қомақтала
түскеніне ерекше назар аударамыз. Бір кезде ұлтшылдық пен
халықшылдық ықпалдың күшті
болғандығын аңғарамыз, авторға осы ықпалдардан
арылу және қазақ әдебиетінде жаңа
бағыттың, жаңа жолдың, яғни оны пролетариат
идеологиясына жақындату мағынасындағы жаңа
бағыттың негізін салу қанша үлкен
қиындыққа түскенін көреміз...»
Сәкеннің жеке
өлеңдері де, оқыған дәрісінің
мазмұндамасы да, жазған өткір мақалалары да
оңды-солды сыналып, мінелмеген күні аз. 1923-24 жылдары
«Сынға мін», «Сынға сын», «Журналист, жазушы, ақын
һәм оқушы», «Қазақ әдебиетіндегі орынды
һәм орынсыз сындар туралы», «Сын орнына қисынсыз күн»,
«Қазақ әдебиеті тарихынан», «Қисық сынға
әділ төре», «Өзің адассаң да, өзгені
адастырма» деген т.б. мақалалар
Сәкенге, Сәкеннің кітаптары мен шығармаларына байланысты
жазылып, сын базарын күшейтті.
Сондай-ақ осы кезеңде
«сын қандай болуға тиіс, сыншы қандай қасиетті
ардақтауға тиіс» деген проблеманың да күн
тәртібіне қойылып, әр түрлі жауап алынуы заңды
еді.
Нәзір
Төреқұлов сыншыны дәрігермен салыстыра келіп,
дәрігер өтірік айтса, зияны бір адамға тиеді, сыншы шынын
айтпаса, зияны көпке тиеді деп бастайды да: «сыншы (критик) әр
уақыт шынын сөйлеуге міндетті. Шынын сөйлеу – сыншының
парызы. Сыншының өтірігі – жұртқа зиян. Жазушы мейлі
«өлетін» болсын, сын көңіліне тіпті ауыр болсын,
жазушының мінезі мейлі жаман-ақ болсын, аждаһадай
«жұтам» деп тұрған болсын, я болмаса «жат туған
бұл дүниеге мен бір ғаріп» деп көзіне жас алып,
жалынған болсын, сыншы еш нәрсеге қарамай өз міндетін
атқаруға тиіс. Жазушының жазғанына сыншы би,
сыншының жазғанына оқушы би» («Темірқазық», №1,
1923) деген тезисті принцип ретінде ұсынғанымен, оны жүзеге
дәйекті асырмады. С.Мұқановтың сөзімен
айтқанда, «Нәзір «Асау тұлпарды» қолға
алғаннан-ақ о жақ, бұ жағын сығалай
қарап ішінен сөкет нәрсе табуға тырысады. «Асау
тұлпардың» жақсы еш нәрсесін көрмейді...
қате, кемшіліктерін ғана тереді. Былай сынаудан сынамай тек отырған
көп жақсы Нәзір сыны – сын емес, оның аты
құр байланысу» (Қызыл Қазақстан», №16, 1923), -
деп Нәзірдің сын мен сыншыға қойған
талаптарының сырт көз үшін айтылғанын мін санайды.
Демек, сыншы өз ойы мен ісінде қайшылыққа
ұрынбауы, дұрыс тезисті бұра тартпауы керектігін айту да
еленерлік құбылыс. Шындықты айтқан абзал, бірақ
оны өзің көздеген мақсаттың бет пердесі етпеу
керек деген ой сыншыларға қойылар талаптың үлкені
болды. Ой адалдығы, пікір әділдігі, таразыны тең ұстай
білу қажеттігі сынға қойылар эстетикалық шарттың
бірі болды.
Мәжит Дәулетбаев «Сын
орнына қисынсыз күн» деген мақаласында сынның
әдепті, мәдениетті болуын айта келіп, оның роліне
тоқталған. Мәжиттің салыстырмалы баяндауында:
«Сыншылардың сыны – бәйгі атын баптау секілді. Әдебиет майданындағы
сын ақын-жазушыны баптау. Сын – тұңғыш
науқастың емі. Сын – айна. Сын – адамның іші-сыртын бірден
аралайтын өткір айна» («Бостандық туы, №37. 1923) болуға
тиіс.
Бақылау
сұрақтары:
1. XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі
қазақ
әдебиетінің
жалпы жағдайы қандай
болды?
2. XX ғасырдың алғашқы кезеңінде
әдебиетте қандай ағымдар
мен бағыттар пайда болды?
- М. Әуезовтің журналистік,
сыншылдық қызметін
нақты мысалдар келтіре отырып дәлелде.
- Алғашқы
әдеби мақалалары:
"Абайдың өнері һәм қызметі",
"Қазақ
әдебиетінің
бүгінгі дәуірі",
"Қызыл
сұңқарлар" қандай мәселелерді
көтереді?
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Д.Ысқақұлы
Сын өнері. А., 2001
2. Т.Кәкішев
Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996
3. Т.Кәкішев Сын сапары.
А., 1974
4. Т.Кәкішев
Оңаша отау. А., 1974
5. Ә.Нарымбетов
Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және
өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960,
А., 1997
6. М.Қаратаев
Әдебиет және эстетика. А., 1970
6-лекция: ХХғ. 20 жылдардағы
қазақ әдеби сынының дамуы. Коммунистік партияның әдебиет
саласындағы саясаты.
Қазақ әдебиетінің дамуы жайлы пікірталастар.
Қамтылатын
мәселелер:
- ХХғ. 20 жылдардағы қазақ
әдеби сынының дамуы.
- Коммунистік партияның әдебиет
саласындағы саясаты.
- Қазақ әдебиетінің дамуы жайлы пікірталастар.
Сәкен творчествосы
төңірегінен өрбіген ой-пікірлер тек идеялық нысанамен
ғана шектеліп қалмай, жаңа бағыттың өріс
алуы, өнерпаздың тұлғасы, қолтаңбасы, ерекшелігі,
жанр сипаты образ жасау мәселелеріне ұласып, көркемдік
талап-талғамынан қылаң беріп жатты. Өсу -
өркендеу бағытының алыс көкжиегі қылаң
берді.
Тап осындай кер
жағдайға Мағжан Жұмабаевтың
өнерпаздығы кез болды. Өмір мен өнердің бар
қиындығы пенделік миғылға, бақастық пен
қызғанышқа апарып телитін. Мағжан жөнінде пікір
айтқандардың бәрін кінәлі етіп шығаратын
сыңай сол кезде анық көріне бастады. Мағжанның
«нағыз кінәсі, жалғыз-ақ кінәсі – аса үлкен
дарындылығында, замандастарының біразынан жоғарырақ
тұруында. Сол үлкен дарынмен жер басып, тірі жүргенінде!
Адам, әдетте, өзінен төмен, тіпті қатар
тұрған адамды қызғанбайды. Замандастарының
көпшілігі Мағжаннан әлдеқайда төмен
тұрған, жартылай адам, жартылай пенделер. Дарын жағынан да,
кісілік жағынан да... Арқарлар мен Таутекелер жамандықты
әдетте жоғарыдан күтпейді, төменнен күтеді.
Иә, етекте қалғандар аса биіктеп кеткендерді ешқашан да
кешірмейді» («Қазақ әдебиеті» 28.04.89.) деген Қадыр
Мырзалиевтің пікірін М.Әлімбаев «классик ақын Мағжан
Жұмабаев творчествосы төңірегінде пікір білдірушілер о
бастан-ақ екі жарылған сияқты» «Мағжаншылар мен
жанжалшылдар» («Жалын» ,№5, 1990) деп тақпақтай жалғастырады.
1923 жылы «Мағжанның
өлеңдері» Ташкентте Сұлтанбек Қожановтың
алғы сөзімен шықты: «Мағжан
Жұмабайұлының өлеңдері қазақ
әдебиетінде үлкен орын алған деп санап бастырып отырмыз.
Мағжан Жұмабайұлының өлеңдерімен
оқушылар бұрыннан таныс. Әдебиеті жаңа аяқтанып,
әдебие тілі енді жасалып келе жатқан жұртта Мағжандай
ақындардың қызметі зор екені анық.
Сондықтан біз Мағжан
өлеңдерінің саяси мәнісінен гөрі, әдеби
мәнісін көбірек кәде тұттық. Сол жақтарын
ескеріп, Мағжан өлеңдерінің ішінде кез келетін марксизм
дүниетануына ұқсамайтын жерлерін оқушылар көре
салып үрікпей, көркемдік жағына, сыршылдық
жағына, суреттеу жағына көбірек көз салуы керек.
Бұл кітапқа М.Жұмабайұлының баспасөз
майданына шыққаннан бергі жазған
өлеңдерінің көбісі кірді. Әдебиет
тарихындағы соңғы 10-15 жылдағы ағымдарды
тексеруге де жақсы құрал бола алады деп ойлаймыз.
М.Жұмабайұлының өлеңдерінің тіл
жағынан, әдебиеттану жағынан пайдасы көп болады деп
сенеміз» деген ой ең алдымен Мәскеуде оқып жатқан
жастарды дүрліктірді.
Шығыс
еңбекшілерінің коммунистік университетінде 1924 жылы
24қарашада жасаған баяндамасында Нәзір
Төреқұлов социологияға мүлде бой алдырып: «Біреу
айтады: саясат мен әдебиетті араластыруға болмайды дейді.
Мағжан өлеңдері көбінесе осы пікірге сүйеніп
басылған. Бұл – қате. Саясат жағынан Мағжанды
кеңес топырағына отыртатын адам емес. Мағжанның
өлеңінде қазақтың шаруашылығына,
әдебиетіне, саясатына үлкен қарсылығы бар.
Сондықтан ішін ашып тексермей, мынау әдебиет деп қабыл ала
берсек, барлық идея – коммунистік ниеттен айырылып қаламыз.
Мағжан ақын, бірақ қазақ ақыны емес,
қазақтың тұрмысынан айрылған ақын» деген
түйінді жаңадан қанаттанып, тапшылдықты бойына енді
сіңіріп келе жатқан жастар дуылдатып әкетті.
Алайда демократиялық
ой-пікір айтуға тұсау түспей, тіл байланбай
тұрған кезеңде Жүсіпбек Аймауытов 1925 жылы
«Мағжанның ақындығы» деген классикалық
мақала жазып, жауап бергенімен, әбден танаурап алған
тапшылдар әдебиеттің өзіндік ерекшелігіне,
көркемдіктің шарттарына назар аудармады. Бұл шын
мәніндегі сыни-эстетикалық еңбектің екі
тұрғыдан, біріншіден, Мағжан ақындығының
қыры мен сырын ұғынып алуға, көркемдік әлеміне
қалай кіріп, қалай түсіну, ақын жанының
қалтарыс-бүкпелерін қалай ұғу керектігін
көрсеткен, әлі күнге дейін жалғыз Мағжантануда
ғана емес, бүкіл қазақ әдебиеттануында
асқар бел болып келе жатқанымен, екіншіден, «әдеби»
сынының қаншалықты биік көтерілгеніне көрсеткіш,
сын тарихында белгілі бір кезең жасаған туынды екендігімен
құнды. Теориялық ой-пікірлерін мөлдіреген әсем
тілмен, ажарлы орамдармен жеткізуінің өзі үлкен өнер.
Осындай ерекшеліктерімен күні бүгінге дейін сын жанрындағы
биік шеберліктің эталоны болып келеді.
Мағжан, сөз
жоқ, ұлы ақын, ХХ ғасырдағы қазақ
поэзиясының классигі. Осыны ел-жұрт білді, атныды, бірақ
тапшылдық көзқарасқа әбден бой алдырғандар,
әсіресе, партия-кеңес жұртшылығы әр сөзден
саяси астар іздеумен әуре болды да, төңіректі тұмандатып
жіберді.
20-жылдардың бірінші
жартысында Мағжан шығармашылығы туралы жазылған
мақалалардың, талқылаулардың, «әдеби
соттардың» сол кезеңдегі
қоғамдық-эстетикалық таным-түсініктерге
жасаған әсері әр қилы болды.
20-жылдардың
алғашқы жартысында сын құрығы сілтенген
үшінші ірі дарын Мұхтар Әуезов болды. Өзі де жазды,
өзгелер де қарап қалған жоқ.
1922 жылы «Қазақ
тілі» газетінің 20 санында «Ж» деген бүркеншік атпен Жүсіпбек
Аймауытов М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні»
әңгімесіне сын жазды.
Мақаланың
кіріспесінде «сұлу сөзбен қызыл тілге сүйеніп» біраз
азаматтарды, газет-журналдарды қағытып кекеткені болмаса, негізінен
«Қорғансыздың күнін» эстетикалық
тұрғыда едәуір талдап, жазушы Әуезовке үлкен
үміт артуға болатындығын, қазақ прозасын
өркендетуге үлес қоса алатындығын көсіле айтады
да, соны шығармаға көркемдік талаптар қояды.
Ең алғашқы
үлкен көркемдік талап – бұл шығарма өзінің
логикалық мұратына жетпеген туынды дегенге саяды. «Қыз
жоғалып кеткеннен кейін болыстың халі не болғаны белгісіз.
Оның не ойлағаны, сезгені жазылмайды. Сондай жауыздықты істеп
қойып, жазықсыз жанның ажалына себеп болған жауыз болыс
не ойлады? Таң атқанша қалай ұйықтады? Үн
жоқ, түн жоқ, атқа мініп жүре беруі
көңілді тындырмайды» деген сынына «Сақа» деген
бүркеншік атпен жауап қайтарған Таутан Арыстанбеков араша
түседі де, өзінің түсінік-танымын ұсынады.
«Бұдан көбірек
жазбады» деп жазушыны айыптауға болмайды. Ақанның
жауыздықты істегеннен кейін қандай халде болғанын
көрсету үішн жазушының «Қорғансыздың
күнінен» басқа осы күнгі адам баласының кеудесінде
болатын ізгілік пен жауыздық, «добро» мен «злоның» күресі
һәм Ақан секілдерде сол екеуінің қайсысы
жеңгендігін көрсетіп, айрықша кітап жазуы тиіс.
«Қорғансыздың күнін» жазғанда
Әуезовтің көздеген нысанасы бұл емес» («Қызыл
Қазақстан» №10, 1922) деген эстетикалық жауап, сөз
жоқ, Т.Арыстанбековтің көтеріңкі таным-білігінен хабар
береді.
Тап осындай процесті Даниял
Ысқақовтың М.Әуезовтің
«Бәйбіше-тоқал» трагедиясына жазған
«Қорғансыздар» атты мақаласынан көреміз. Бұл
автордың ерекшелігі – шешендігі, тіпті сөзуарлығы, айтайын
деген ойын ұзақ-сонар желдіртіп барып түйетіндігі.
Сыншы «Бәйбіше-тоқал»
трагедиясының идеясын екінші бөлімде барынша публицистік екпінмен
баяндап, өз ой-пікірін оқушыға ұсініп отырады. Тіпті
шамадан тыс тәптештеп кететін кезі де жоқ емес. Алайда
шығарманың шын мақсатын ашуда білгірлік танытып отырады.
Негізгі айтпағына жетер жолда бүкіл қазақ
тұрмысына, әсіресе, елді әлекедей жайлаған
партиягерлікке тоқтап, бар пәле содан өрбиді деп білген сыншы
ең алдымен трагедияның аты дұрыс қойылмаған деп
табады. Суреттеп басын ашып отырған мәселелері атымен ғана
байланыста болған мәселеден күштірек, тереңірек,
негіздірек деп трагедияның идеялық ауқымын түп тамырын
терең қазады. Өз толғамдарын алға көп
тартуға тырысып, «Бәйбіше-тоқалдықпен» қазақ
өміріндегі жауыздықтардың түпкі себептерін
түсіндіріп болмайды. Ол тек жуан түбірден тараған бір
жіңішке бұтақ қана деп алады да, трагедияның
өзіне анда-санда бір соғып, эстетикалық таным-білігін
аңғартып тастап отырады. «Бәйбіше-тоқал»
қайғылы халінде орын алатын ұлы типтердің ішінде
айрықша көзге түсетіндері – Бейсембі мен Әбділда
ақсақал. Бұл екі адам қайғылы халдің
шиелінісіп түйінделе беруінің негізгі себептерін осы
құзғындардың ортасындағы тартыстан іздеу керек»
деп трагедия тізгінін қолына ұстаған кейіпкерлерге мінездеме
береді. Екеуі де зұлым болғанымен олардың іс-әрекеті,
мінез-құлқы екі түрлі екенін көрсетіп,
жазушының тип жасаудағы табысын аңғартады.
Көркемдік шарты бойынша дараланған кейіпкерлердің
түп-төркінін қаза келіп, олардың жалпылық,
жиынтық сипатына да, жеке ерекшелігіне де назар аударады.
«Қайғылы халдің
туып, өсіп, ер жетуі қазақ тұрмысының
шындығымен нық байланысты. Сондықтан Мұхтар
Әуезұлының бұл әсерін алдымен шын
қазақ тіршілігінен алынған қазақ
өмірінің әрбір қараңғы, жіңішке
терең жақын суреттеуден болған әсер деп білеміз».
(«Сана», №2-3, 1923) деп қорытады да, жазушының алдына
қойған мақсатына қалай жеткенін, драматургиялық
шарттарды қалай шешкенін, көркемдік шындыққа
қалай үйлестіре білгенін, қосалқы образдардың
қалай шыққан-шықпағаны жайында өз
бақылауларын айтып, көркем шығарманы талдай білетіндігін
көрсетеді.
Сонымен қатар әдебиет
жанрлық жағынан қалыптасуға бет алған
шағында жеке дарындар ерекшеліктеріне, әдебиеттен алар орындарына,
көркем туындыларының деңгейіне, назар аудару Сәкен,
Мағжан, Мұхтарлардың ғана емес, басқа
ақын-жазушылардың жалпы бағдарын айқындап алуға жағдай
жасады. Және жеке дарындар төңірегінен өрбіген
ой-пікірлер коюлана келе, шығармашылық әдісті айқындау
арқылы үлкен проблеманы шешуге тиісті болды. Қазақ
әдебиетінің болашағы кімдікі, ол қандай көркемдік
әдісті басшылыққа алуға тиіс деген дәуірлік
мәселені шешу қазақ әдебиет сынына жүктелді,
оның келешек өрісін айқындаудың өнерпаздық
саласы болды.
Бақылау
сұрақтары:
-
Сынның жанрлық формалары қандай?
-
Алғашқы азатшыл әдебиет дегенді
қалай түсінесің?
-
ХХ ғасыр бас
кезінде өмір сүрген ақын-жазушылардың қазақ
әдебиеті мен сынының дамуына тигізген әсері қандай
болды? Не себепті алғаш туындаған шығармаларға сын
көп болды?
Пайдалынылатын әдебиеттер:
1. 1
Д.Ысқақұлы Сын өнері. А., 2001
2. Т.Кәкішев
Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996
3. Т.Кәкішев Сын
сапары. А., 1974
4. Т.Кәкішев
Оңаша отау. А., 1974
5. Ә.Нарымбетов
Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және
өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960,
А., 1997
6. М.Қаратаев
Әдебиет және эстетика. А., 1970
7-лекция: 30-шы
жылдардағы көркем әдебиет ұйымдарын қайта
құру шаралары. Жазушылар одағының құрылуы.
Қамтылатын
мәселелер:
- 30-шы жылдардағы көркем әдебиет ұйымдарын
қайта құру шаралары.
-Жазушылар одағының құрылуы.
- 30-шы жылдарда жарыққа шыққан көркем
әдеби шығармалар.
Осы
топтағы туындыларды атағанда алдымен тарихи тақырыпқа
қалам тербеген бір топ қазақ қаламгерлерінің
есімі ойға оралады. Бұл қаламгерлер әсіресе
қазақ прозасындағы өнер тақырыбын, яғни сол
өнерді дүниеге әкелетін өнерпаз тағдырын сол
кезеңдегі тарихи, әлеуметтік-қоғамдық
шындықпен сабақтастыра бейнелеу мақсатындағы айтулы,
салмақты көркем туындыларымен оқырман жүрегіне жол таба
алды. Олар: қазақтың дарынды, суреткер қаламгерлері -
Д.Әбілев, І.Есенберлин, Т.Әлімқұлов,
С.Бақбергенов, Ә.Әлімжанов, Ә.Кекілбаев, Д.Досжанов,
С.Жүнісов, М.Мағауин, Қ.Жұмаділов, С.Сматаев,
Ә.Сарай, Ж.Молдағалиев, І.Жақанов, М.Ысқақбай,
Қ.Мұханбетқалиев5 Ж.Тұрлыбаев,
Н.Әбуталиев, М.Мажитов, О.Әбділдаев т.б.
Осынау
аты аталған қаламгерлердің тарихи тақырыпты арқау
еткен туындыларының барлығына тән ортақ мақсат -
қазақ елінің, қазақ ұлтының әр
ғасырда, әрқилы тағдыр кешкен айтулы
тұлғаларының ел тарихындағы орнына баға беру,
олардың күрделі бейнесін көркемдік тұрғыдан
жинақтау болды. Осы мақсат жолында әр қаламгер
өзіңдік суреткерлік ізденістері мен стильдік
мәнер-машықтарын, жазушылық қолтаңбаларын
танытты. Осы арқылы әрқайсысы өзінің
көркемдік биігіне көтерілді.
Тұтастай
алғанда олар қазақ әдебиетіндегі осынау
дәстүрі бай, арналы, ағысты тақырыпты әр
қырынан тереңцей зерттеп, Қазақ прозасының
жаңа көркемдік асуын межеледі. Айталық Есенберлиннің
"Көшпенділер" трилогиясы, Д.Әбілевтің
"Ақын арманы", "Арман асуында", "Баянауыл
баурайында", Ә.Әлімжановтың "Махамбетгің
жебесі", "Отырардан келген сый", "Жаушы",
"Ұстаздың оралуы", Ә.Кекілбаевтың
"Аңыздың ақыры", "Елең-алаң",
"Үркер", З.Ақышевтің "Жаяу Мұса",
"Мағауиннің "Аласапыран", Қ.Жұмаділовтың
"Дарабоз", Ш.Мұртазаның "Жұлдызды
көпір", "Тамұқ", "Қыл
көпір", С.Жүнісовтің "Ақан сері",
Т.Әлімқұловтың "Сейтек сарыны",
"Көк
қаршыға", С.Бақбергеновтің "Қайран
шешем", "Мен сені
сүйемін", "Қоянкөзге құлаған
жұлдыз", Ж.Молдағалиевтің "Дала қоңырауы",
І.Жақановтың "Ықылас", Н.Әбуталиевтің
" Қайран Нарын", Х.Әдібаевтың "Отырар
ойраны",
Қ.Мұханбетқалиевтің "Бас жұтқан бас",
Ә.Сарайдың
"Исатай мен Махамбет , М.Мәжитовтің "Барлыбай түбіндегі ән", Ж.Тұрлыбаевтың "Тамыз
таңы", "Райымбек" т.б.
роман-повестері оқырман назарын өзіне аударып, әр
жылдағы қазақ прозасының елеулі туындылары ретінде танылды.
Осы
туындылардағы қазақ тарихында, қазақ
коғамында елеулі орын алған, әр ғасырда өмір
сүріп, әрқилы тағдыр кешкен тарихи тұлғалар
бейнесі оқырман назарын өзіне аударды. Олар: батырлар мен билер,
көсемдер мен шешендер, қоғам қайраткерлері,
ақын-жазушылар, өнер адамдары, бір сөзбен айтқанда
ісімен де, өнерімен де қазақ руханиятына айтулы үлес
қосқан қайталанбас, біртуар тұлғалар
шоғыры. Өткен ғасырдың тұлғалары: Абылай, Керей
мен Жөнібек, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би,
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты
Наурызбай, Райымбек батыр, өнер иелері Қорқыт, Ықылас,
Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Абыл,
Төремұрат, Сейтек, Сүгір, ақын-жыраулар Бұхар,
Қазтуған, Ақтамберді, Махамбет, Ақан сері, Біржан сал,
Балуан Шолақ, Әсет, Жаяу Мұса, ғұлама
ғалымдар мен қоғам қайраткерлері әл-Фараби,
Шоқан, Ыбырай, Сұлтанмахмұт, Мұхаметжан Сералин,
Нәзипа Құлжанова, Сәкен, Тұрар
Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов
т.б, Осылардың өмір-тағдыры қазақ
әдебиетінің басқа жанрларында да шығарма арқауына
айналды. Осы тұстардағы қазақ сыны мен
әдебиеттану ғылымы да бұл туындыларды ескерусіз
қалдырмай, кеңінен сөз етіп, талдау, талқылау
өзегіне айналдырды.
Ал
енді осы аталған туындылардағы тарихи
тұлғалардың: хандарымыз бен батырларымыздың, билеріміз
бен шешендеріміздің, ақындарымыз бен жыршыларымыздың
қатарында өнер адамдарының, яғни күйшілеріміз бен
әншілеріміздің де бір парасы көрінеді. Ұлттық
өнеріміздің, ұлттық руханиятымыздың тарихындағы
осынау ірі-ірі тұлғалардың әдебиетімізде, оның
ішінде қазақ прозасында кеңінен орын алуы тегін емес.
Ең
алдымен елдің, халықтың рухани тарихын, өткен
өмірін, әлеуметтік-қоғамдық дамудың
әртүрлі кезеңіндегі тағдырымызды өнер
иелерінің туындылары, тереңірек айтсақ, олардың
шығармашылық тағдыры терең танытады. Сондықтан да
осы шығармашылық тұлғалардың жеке өмір
тарихы, олар өмір сүрген нақты
қоғамдық-әлеуметтік орта қаламгерлер назарын
өзіне көбірек аударды. Осы топтағы қаламгерлерді
атағанда, қазақ тарихындағы әр кезеңде
өз енерімен халық тағдырын терең таныта алған
тұлғалардың өмір-тіршілігін өз
шығармаларының негізгі арқауы еткен
Т.Әлімқұлов суреткерлігі дара көрінеді.
Төкен
Әлімкұлов шын мәнінде қаламгер ретінде суреткерлік
даралыққа, көркемдік шеберлік биігіне өзіндік,
айрықша қасиеттері арқылы қол жеткізді. Ең
алдымен жазушы шығармаларының тілі, сөздік қоры,
сөйлем құрылысы ерекше назар аударуды қажет етеді.
Тәкен
өз шығармаларында адамның ішкі жан дүниесін, оның
көңіл күйіндегі мың құбылған
әрбір сәтті боямасыз, өсіре қызыл жалтырақтан
гөрі таза тілмен оқырманына ұтымды жеткізе білді. Адамды
қоршаған орта шындығы, өсіресе кейіпкер жан дуниесімен
жарасьш тауып жымдасып жататын табиғат көріністері
өзінің шынайылығымен санаңда терең із
қалдырады. Айталық "Телқоңырдағы" -
күйші Сүгір, Сүгірдің әкесі, "Сейтек
сарынындағы" - Сейтек, "Жиендіктегі" - домбырашы
Тәпсір, "Қараойдағы" - ақын Махамбет,
"Ұрыдағы" - Мөлке, "Көк
қаршығадағы" - Ақан сері, "Ел мен
жердегі" – Сәкен, "Қара қобыздағы" -
қобызшы Ықылас, "Күйшідегі" - Төлеген
Момбеков, "Күрең өзендегі" - Назар бейнелері ішкі
жан дүние тереңдігімен. мінез-қаракеттің
қат-қабат қатпар, қыртысымен қоса танылады. Осы
аталған туындылардың бәрінде де кейіпкер мінезін даралап
тұратын нақышты сөз, шырайлы тіл бар. Сол тіл кестесі ой
тереңдігімен, сурет сыры сезім шынайылығымен жұптасып,
жымдасып жатады.
Тәкен
Әлімқұлов шығармаларының ішкі ырғағы
мен үйлесімінің тағы да бір сыры оның психологизмі мен
анторлық баяндау ерекшелігімен сабақтас. Оның өте
тартымды, терең психологизмге құрылған
"Қараой" әңгімесіне назар аударып көрелік.
Бұл әңгімеде халқымыздың қайталанбас,
біртуар ақыны Махамбеттің өмірінің ең бір
трагедиялық тұсы арқау болған.
Күрескер
ақынның талас-тартыстан бір сәтке де толастамаған
өмір-тағдырының ең соңғы сағаттары
терең психологизм арнасында суреттеледі. Елсіз далада қара
дауылға қасқайып қарсы тұрып, ештеңеден
қаймықпаған, ешкімге бас имеген қайратты
ақынның ғұмыр кешіп жатқан соңғы
тұғырына күтпеген жерден сау етіп қанды қол
жендеттер жетеді. Оларды бастап келген ЬІқылас, ал көздеп келгені
Махамбет өлімі еді. Осы оқиғаны сағызша созып, кейіпкерлердің
бүкіл іс-әрекеттерін антор суреттеп жатпайды. Ақын
өлімінің жан түршігерлік трагедиясына алып келген
ағайын опасыздығын, ауылдастарының жан баласы ойлап таппас
жымысқы сойқанын қысқа-қысқа
сөйлемдермен қайырады. Осындағы анторлық баяндау
дәлдігі, табиғат, ботаның, түйенің.
құстың бейнесі, ай мезгілі, бала әрекеті, айдың
тұтылуы, күннің батуы барлығы керкемдік жүк
көтеріп тұр. Осындағы ой, образ, тіл тұтаса,
қорғасындай құйылып келіп үйлесім табады.
Демек
"Қараой", "Сарыжайлау",
"Көкқаршыға", "Телқоңыр",
"Сейтек сарыны"э сияқты атақты
әңгімелері мен повестерінде тарихымыздағы белгілі өнер
саңлақтарының (Махамбет, Тәттімбет, Ақан сері,
Сүгір, Сейтек) тағдырын терең психологиялық арнада
бейнелеп бере алған, олардың шағын, қысқа жанр
үлгісінде болса да қайталанбас тұлғасын сомдаған
Тәкен Әлімқұлов шеберлігін тағы да оның
шығармаларының ішкі құрылысынан, көркемдік
болмыс-бітімінен, құнарлы тілінен іздеу керек.
Тағы
бір баса айтатын мәселе, жазушы туындыларында Махамбеттің,
Тәттімбеттің, Ақан серінің, Сәкеннің,
Ықыластың, Сүгірдің, Әбікен Хасеновтың,
Төлеген Момбековтың бейнелері бір-бірін қайталамайды.
Әрбір тарихи тұлғаның өзіндік, қайталанбас бейнесін сомдауда
антор тыңнан жол іздейді. Олардың өміріндегі ең бір
айтулы, тарихқа белгілі, оқырманын селт еткізіп, баурап алатын
тұстарына ат басын тірейді, Соны жаңа қырынан
жарқыратып жайып салады, бірақ орынсыз ойдан шығаруға,
тізеге салып иіп әкелетін жасандылыққа бармайды.
Сондықтан да олар, өдеби кейіпкер ретіыде өз ортасының
тіяінде сөйлейді, өз заманының перзенті боп ой тастайды.
Әлеуметгік-тарихи
шындық көрінбеген жерден көркем шындық іздеудің
бос әурешілік екенін автор терең біледі. Сондықтан да жазушы
өз шығармаларында көрсеткісі келген әлеуметтік болмысты
көркемдік шындықпен егіз қатар өріп астастырады. Осы
екеуінің тұтастығын, тамырластығын іздейді. Мысалы,
Ақан сері трагедиясы да, Тәттімбет, Сәкен тағдырларынын
ең бір мәнді тұстары да осы әлеуметтік орта
шындығынан алшақтамайды. Яғни. бұл туындылардағы
ішкі ырғақ пен үйлесім сипаты бұл тұста да бой көрсетіп,
бір арнада тоғысады. Жинақтап айтқанда, Тәкен
Әлімқұлов суреттеу, бейнелеу мүмкіңдігі мол проза
жанрын, оның бүкіл көркемдік қыр-сырын мейлінше
терең меңгерген талғампаз, тарлан қаламгер.
Бақылау
сұрақтары:
1. 30-шы жылдары
ақын-жазушылардың
әдеби шығармашылық көзқарас
танымының қалыптасуына Абай өлеңдерінің
әсері қандай блды?
- Осы жылдары Абай шығармаларын жинап, сараптап,
жариялау жұмыстары қалай жүрді?
- 1937 жылы Қазақстан жазушыларының
кезекті өткен бірінші пленумында С. Мұқановтың
«Қазақ совет әдебиетінің хал-жайы және
міндеттері», М. Қартаевтың «Қазақ әдебиетіндегі
сынның міндеттері», М. Әуезовтің «Қазақ фольклоры
туралы» баяндамаларының әдебиет пен сын өнерінің
дамуына тигізген әсерін
бағдарлау.
Пайдалынылатын
әдебиеттер:
1. Д.Ысқақұлы Сын өнері.
А., 2001
2. Т.Кәкішев
Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996
3. Т.Кәкішев Сын
сапары. А., 1974
4. Т.Кәкішев
Оңаша отау. А., 1974
5. Ә.Нарымбетов
Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және
өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А.,
1997
6. М.Қаратаев
Әдебиет және эстетика. А., 1970
8-лекция: Соғыстан кейінгі дәуірде қазақ
әдебиеті сынының дамуы, өркендеуі. Партияның
көркем әдебиет пен өнер жайлы қаулылары. 1946-1948 жж
40-50 жылдардағы қазақ әдебиетінің табыстары
Партияның ХХ съезі.
Әдебиеттегі «Жылымық» оның әдеби қозғалыс
пен әсері. С.Сейфуллиннің, Б.Майлиннің,
І.Жансүгіровтің ақталуы. Олардың еңбектерін
жариялау, зерттеу саласындағы жұмыстар
Қамтылатын
мәселелер:
- Соғыстан кейінгі дәуірде қазақ әдебиеті
сынының дамуы, өркендеуі.
-Партияның көркем әдебиет пен өнер жайлы
қаулылары. 1946-1948 жж 40-50 жылдардағы қазақ
әдебиетінің табыстары
- Партияның ХХ съезі. Әдебиеттегі «Жылымық» оның
әдеби қозғалыс пен әсері.
- С.Сейфуллиннің, Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтің
ақталуы. Олардың еңбектерін жариялау, зерттеу
саласындағы жұмыстар
Қырқыншы
жылдардағы қазақ әдеби сынын іштей соғыс
жылдарындағы және соғыстан соңғы кезеңдерге
бөліп қарастырған жөн. Өйткені сол кездердегі
саяси-әлеуметтік жағдайлардың түрліше болуы әдеби
өмірге де айтарлықтай әсер еткендігі анық
байқалады.
Жеке
адамға табынушылық салдарынан отызыншы жылдардың соңына
қарай ойсырап қалған қазақ әдеби есін жиып,
өз міндетін атқаруға кірісудің орнына соғыс
кезіндегі саяси ахуалдың салдарынан еңсесін көтере алмай
жатты. Осы дәуірдегі сынның өз дәрежесінде көріне
алмағандығына бір жағынан, сол дәуірдің
идеологиялық қыспағы, екінші жағынан, соғыс
кезіндегі көркем әдебиетіміздің саябырсып
қалғандығы да айтарлықтай әсер етті. Әдеби
сынның сол кездегі идеологиялық-саяси жағдайға тікелей
байланыстылығы мен сыншылдық пікірдің дамуына тікелей
әсер ететін оның негізгі зерттеу нысаны саналатын көркем
әдебиеттің дамуында айтарлықтай
құбылыстардың болмауы әдеби сынның өрістей
алмауына тікелей қатысты объективитік, субъективтік себептер болды.
Соғыс
жылдарында көркем әдебиет аз шығып, әдеби басылымдар
жабылып қалғанына байланысты қазақ әдебиеті
өзінің қарқынды дамуын бәсеңдетті десек те,
әдеби өмірдің ағысы тоқтаған жоқ.
Әдеби процесс отызыншы жылдардағыдай бұрқ-сарқ
қайнап жатпаса да, әдеби сын көркемдік даму ұсынып
отырған мәселелерді уақтылы шешуге араласып отырды.
Қазақ әдебиетінде М.Әуезов, С.Мұқанов,
Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев,
А.Тоқмағамбетов, Ғ.Ормановтар өнімді еңбек етсе,
майданда Ә.Сәрсенбаев, Қ.Аманжолов, Т.Жароков, Ж.Саин,
Д.Әбілев, А.Жұмағалиев, Б.Бұлқышев,
Б.Момышұлы, С.Сейітов, Ж.Молдағалиев, Х.Ерғалиев,
С.Мәуленов сияқты ақындар қару жастана жүріп
қаламды қолдарынан тастамады. Жамбыл бастаған халық
ақындарының даңқы жайылып, олардың
отаншылдық рухтағы өлең-жырлары кеңінен тарап
жатты. Аз болса да шығып жатқан көркем
шығармаларға, баспасөз бетінде жарияланып жатқан
жаңа туындыларға пікір білдірген сын мақалалары сирек те
болса жарияланып тұрды. Осы кездегі сында Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев,
Қ.Жұмалиев, Т.Нұртазин, С.Төлешев, Б.Шалабаев,
А.Лекеров, М.Бөжеев, Қ.Жармағамбетовтар, М.Әуезов,
С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ә.Тәжібаев
сияқты белгілі ақын-жазушылар да сынға ара-кідік араласып
қойып отырды. Күндіз-түні майдан жаққа көз
тігіп отырған халық майдангер ақын-жазушылардың баспасөз
беттерінде жарияланып тұрған өлең-жырларын
қызыға оқып жатты.
Соғыс
жылдарында жазылған Ә.Тәжібаевтың «Қазақ
әдебиетінің бүгінгі міндеттері» («Әдебиет майданы»,
1941, №4), М.Әуезовтің «Ерлік-елдің сыны» («Социалистік
Қазақстан», 1941, 30-шілде), Қ.Бекхожиннің «Ерлікті
жырлайық» («Лениншіл жас», 1941, 10шілде), Б.Кенжебаевтың
«Қаһарлы сөз қамал бұзады» («Социалистік
Қазақстан», 1941, 4-қыркүйек),
Қ.Жармағамбетовтың «Жауға өшпенділікті кернете
түседі» («Социалистік Қазақстан», 1942, 29-қараша),
М.Әбдіхалықовтың «Қазақ әдебиетін
өркендетудегі міндеттеріміз» («Социалистік Қазақстан», 1943,
4-сәуір), Ғ.Мүсіреповтің «Майданнан соққан
жылы леп» («Социалистік Қазақстан», 1944, 6-маусым),
Е.Ысмайыловтың «Соғыс кезіндегі қазақ поэзиясының
жайы мен міндеті туралы» (ССРО Ғылым акадесиясының
қазақ филологиясының хабарлары. Тіл мен әдебиет
сериясы. 1944, №1), т.б. мақалаларында сол кездегі әдебиеттің
жай-күйі көркемдік тұрғыдан гөрі идеялық
жағынан көбірек әңгімеленді. Осы кезде жарқ етіп
көрінген Баубек Бұлқышев (Ғ.Әбішев. Жауынгер
журналист // «Социалистік Қазақстан», 1943, 5-мамыр), Абдолла
Жұмағалиев (В.Григорьев. Герой ақын // «Социалистік
Қазақстан», 1943, 13 қаңтар), Қ.Аманжолов мен
Ә.Сәрсенбаев (Ғ.Мүсірепов. Майданнан соққан
жаңа леп // «Социалистік Қазақстан», 1944, 6-маусым) туралы
мақалалар жазылып, бүкіл елге таралды.
Ғ.Мүсіреповтің мақаласында Қ.Аманжоловтың
«Абдолла» поэмасы соғыс кезіндегі қазақ поэзиясының аса
ірі табысы ретінде бағаланды. Ә.Сәрсенбаевтың
«Социалистік Қазақстан» газетінде басылған «Ақша бұлт»
атты бір өлеңін оқи
отырып, жас жауынгердің ақындық болашағына үлкен
үміт артты. Майдангер қос ақынның бұл
шығармаларын «Майданнан соққан жаңа лепке» санады.
Ғ.Мүсірепов «Абдолла» туралы: «Поэма майданда ерлік көрсетіп,
елі үшін қаза тапқан ақын жайында, ақын
Қасым жанының бар толғануын, кек үшін, сезім
тереңдігін бере алған. Жалынды сөзбен жауға аттандырар,
жан сөзімен жас тамшылатар ақын сөзі өзегін
өртеп, жүрегін тербеп шыққан» (Ғ.Мүсірепов.
Суреткер парызы. Алматы. 1970, 330-б.).-деп, Қаысм Аманжоловтың
ақындық қуатын жоғары бағалады, оның
ақын жайлы жазған поэмасының көркемдік
құдіретіне назар аударды. Ә.Сәрсенбаевтың бір
өлеңін талдау арқылы жас ақынның болмысын ашып
берді.
А.Лекеровтың
«Ақын шабыты» (Н.Байғанин туралы), С.Сейітовтің «Барды барша,
жоқты жоқша айту керек» («Нарын» поэмасы туралы),
Қ.Бекқожиннің «Ерлікті жырлайық»,
С.Мұқановтың «Отан қорғауда маңызы зор
поэма», А.Тоқмағамбетовтың «Кавказ» (иса
Байзақовтың осы аттас поэмасы туралы), Б.Шалабаевтың
«Еңбек – кәсіп жайындағы өлеңдер», Ы.Дүйсенбаевтың
«Қазақ ақындары отан туралы»,
Ж.Жұмақановтың «Мәншүк туралы поэма»,
Қ.Тұрғанбаевтың «Ақбөпе» (Исаның
поэмасы туралы), т.б. мақалалары сол кездің дәуір талабына
сай белгілі бір идеологиялық талаптар тұрғысынан
жазылғандығы көрінеді. Жалпы соғыс кезіндегі
әдеби сында әдеби шығармалардың көркемдік
сипатынан гөрі оның идеялық жағына, отаншылдықты,
советтік патриотизмді дәріптеуге көбірек көңіл
бөлгендігі байқалады.
М.Әуезовтің
«Абай жолы» роман-эпопеясының алғашқы кітабының
жарыққа шығуы соғыс кезіндегі қазақ
әдеби өміріндегі ең бір елеулі оқиға болды.
Бұл кітаптың басылып шығуына сол кездегі республика
басшылығы идеологиялық тұрғыдан рұқсат
бермеді. Сол кезде Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет
баспасының бас редакторы болған ұлтын сүйген азамат Б.Кенжебаевтың
қауіпке қарамастан тәуекелге бел буған азаматтық
әрекетінің арқасында ғана бұл шығарма
жарыққа шығады. Кітап шыға салысымен-ақ
Б.Кенжебаев пен Қ.Шаңғытбаевтың кітапты жоғары
бағалаған мақаласы жарық көрді. «Абай» романы
қазақ тұрмысының үлкен бір айнасы,
қазақ халқының қасиетін, сын-сипатын, сапасын,
елдігін көрсететін, қазақ оқушыларының
патриоттық, халқын сүюшілік сезімін күшейтетін,
қазақты жете білмейтін жұрт оқушыларына
қазақ халқы осындай халық екен деп айтқызатын
роман, патриоттық роман» (Социалистік Қазақстан», 1942,
26-шілде), - деп, қазақ әдебиетіне тамаша бір туынды келіп
қосылғанын жалпақ жұртқа жария етті.
«Абайдың» тарихи роман екендігін анықтап, ары қарай
«романның тілі жаттық, әрі көркем» дей келіп,
оның көркемдік жетістіктеріне тоқталады. «Абайды»
А.Толстойдың «Бірінші Петр», Ю.Тыняновтың «уәзір
Мұхтардың өлімі», «Пушкин», В.Янның
«Шыңғысхан» тарихи романдарымен салыстырып, Мұхтардың
туындысы «әлгі аталған романдардың бірқатарынан
жақсы болып шыққан (сонда) – деген пікірін ашық айтады.
Рецензия «Абай» романы биік шың, жазушының өрге шығып,
қияға қарай өрлеп келе жатқанын көрсететін
шығарма. «Абай» романы – қазақ совет әдебиетінің
үлкен бір табысы», - деген ой түйінімен аяқталған.
Бірақ
бұған қарамастан ресми билік «Абай жолы» бірінші
томының жарық көруін суық қабылдады. Роман
идеялық тұрғыдан ескілікті марапаттайтын кертартпа туынды деп
бағаланып, оның авторы М.Әуезов пен оны бастырып
шығарған, оған жылы лебіз білдірген Б.Кенжебаев саяси
тұрғыдан қудалана бастады.
Роман-эпопеяның
алғашқы кітабының жарыққа шығуы әдеби
сында қызу пікірлер туғызып, кітап жайлы біршама мақалалар
жарық көрді; соңы 1943 жылдың көктемінде
өткен талқылауға ұласты. Жалпы, сол кездегі, яғни
отызыншы, қырқыншы жылдардағы әдеби дәстүр
бойынша жаңа нарық көрген әрбір елеулі туынды жайлы
пікіралысулар өткізіліп тұратын. М.Әуезовтың «Абайы»
жайлы Қазақстан Жазушылар Одағы ұйымдастырған
жиында негізгі баяндаманы жасаған Е.Ысмайловтың және
басқа да шығып сөйлеушілердің сөздерінде әр
түрлі кемшіліктері көрсетіліп жатқанымен де роман
қазақ кеңес әдебиетінің елеулі табысы ретінде
бағаланды.
Пікіралысуда
«Абай» және роман туралы» тақырыпта баяндамашы Е.Ысмайылов
романның қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік
шығарма екендігін дәлелдей отырып, оның көркемдік
қадір-қасиетін, сыр-сипатын жан-жақты саралап берді.
Есмағанбет сол кездегі қазақ әдебиетінің
жай-күйін шола отырып, «Абайдың» ұлттық
мәдениетіміздегі биік белес, таңғажайып табыс екенін баса айтты.
Баяндама негізінен сол кездің идеологиялық талаптары
тұрғысынан жасалғанымен де, кей жерлердің шектеулі
қалыпқа сыймай жатқандығы да көрінеді. Мысалы,
«Алшынбай – ел қамын жеген, ел ағасының дәнекері, жалпы
қазақтың мұңын жеген адам», «Құнанбай
– Иван Грозный» деген сияқты пікірлер ол кезде басқаша айтылуы
тиіс-тұғын. Сыншының бұл «қателігі» сол
жерде-ақ «Алшынбай – үстем тап өкілі»,
«Қүнанбайдың жемқор табақтасы»,
«Құнанбай қай жағдайда болсын ел ісінің бар
тізгігіне әбден ие боларлық мейлінше қажырлы адам. Иван
Грозный орыс халқының басын қосқан, елдігін жасап
берген адам болса, Құнанбай бұл ойдың маңына
бармайды емес пе?! Туысы үлкен адам, бірақ Иван Грозный емес»
(Ғ.Мүсірепов) – деп жөнделді. Ал Есмағанбеттің
Құнанбайды Иван Грозныйға тегіннен тегін теңемегендігі
көрінеді. «Бұл образға жеке оқиғалар
тұрғысынан ғана баға бермей, жалпы тарихи
дәуірдің даму тұрғысынан қарап, баға
беретін болсақ, Құнанбай бейнесінде ашып зерттей
түсетін сырлар толып жатыр.
ХІХ
ғасырдағы бір жағынан орыс үкіметімен келісімге келіп,
балаларын орысша оқытып, ел ішіне мешіт, медресе салдырып, елдің
ішкі ру алалығына қатал әмір иесі күшімен қатты
күрес ашқан Құнанбайға, шыңғыс
төреге, Балғожа биге жағымсыз, бір-ақ жағынан
ғана баға беруіміз жеткіліксіз болар еді» («сын мен
шығарма».Алматы.1966, 313
-б.) – деген пікірінің астары тереңде
жатса керек.
Бұл
жерде Е.Ысмайылов романда өткен заман, үстем тап өкілдері
социалистік реализм талаптарына сай суреттелмеді, таптық принцип
ұсталынбаған деген негізгі саяси айыптауларды жоққа
шығарып, үстем тап өкілдерін, қожа-молда,
хан-сұлтандарды ылғи да жағымсыз бейнелей бермей, тарихи
шындыққа сай суреттелу қажеттілігін меңзеп отыр.
Осы
жиында шығып сөйлеген Ғ.Мүсірепов романды жоғары
бағалады. Ол «Абайды» орыстың «Евгений Онегинімен» қатар
қойған. «Мұхтардың «Абайына» шын мағынасында сын
айтуға мен де жүрексінемін» - деп, кез келген адамның роман
туралы шатып-пұтып айта беруіне болмайтындығын ескертеді. «Абай»
романын неше рет қайталап оқысам – сонша, әрдайым жаңа
бір ой, жаңа бір көркемдік, бұрын оқығанда
байқалмай кеткен тереңдік табам... «Абай» романы ең алдымен,
ең ірі жазушымыз Мұхтардың жиырма бес жылға
толған жазушылық еңбегінің негізгі қорытындысы
сияқты. Әдебиеттің әр саласында, әр кезде,
әр жолмен айтылып келген ойларының сарқып
құйған шалқары осы «Абай» дер едім. («Суреткер парызы».
Алматы.1970, 160-б.) – деген жүрекжарды пікірін білдіреді. «Абайдай»
шығарма бұл күнге дейінгі, бүгінгі қазақ
әдебиетінде болған емес», - дей келіп, романның
көркемдік, образдық жүйесі, композициялық
құрылымы жайлы толымды ойлар айтты. Ғабит кітапты
бастан-аяқ мақтай бермеген, өзі байқаған кейбір
кемшіліктерді де санамалап көрсеткен.
Ғ.Мүсіреповтің
«Абай» жайлы пікірлері төмендегіше тұжырымдалған:
«Абай»
романы бүгінгі қазақ совет әдебиетінің жаңа
белі; бұл – «роман» деген үлкен ұғынысқа
толық жауап беретін қазақ әдебиетіндегі бірінші роман.
«Абай» - шын мағынасында Европалық озық
әдебиеттердің піскен, сыналған үлгісімен жазылған
роман.
«Абай»
- тарихи-қоғамдық тартыстарға
құрылған, шын мағынасындағы қазақ
халқының бір дәуірдегі шын өмірін, өздігін
түгел көрсете алатын роман. Ел өмірін көрсетемін деген
еңбектер, қай дәуірді алса да, осындай терең, осындай
шын, осындай ақылды, осындай нәзік сезіммен жазылатын болсын.
Қазақтың
әр жазушысы «Абай» арқылы әдебиетіміз жаңа бір
сатыға көтерілгенін ескеріп, қолына қалам
алғанда, сол сатыға көтерілуді арман етсе екен деймін»
(сонда, 174-б.). Бұл жолдардан жас талант иесі
Ғ.Мүсіреповтің қазақтың тағы бір
дарқан дарын иесі М.Әуезовтың өлмес туындысы «Абай»
романының көркемдік қуат-қасиеттерін
алғашқылдардың бірі болып дәл көрсете білгендігі
көрінеді.
М.Әуезовтың
«Абай» романының алғашқы кітабының шығуы
қазақ әдеби ой-пікірінің жан-жақты толығып,
кемелдене түсуіне, көркем туындының көркемдік, жанрлық
сыр-сипаттарына үңіле түсіп, жіті талдауына айтарлықтай
ықпал еткен елеулі оқиға болды. Сонымен бірге әдеби
сынның өнер туындысына деген талап пен талғамның артып,
әдеби дамудың алдына тұрған қандай да бір
мәселе болмасын, көркемөнердің биік принциптері тұрғысынан
шеше алатындығын да байқатты.
Соғыс
жылдары қазақ әдебиеттануында өткеннің мәдени
мұраларына назар көбірек бөлінді. Жауды жеңу үшін
советтік патриотизм туралы жылтыр сөздердің аздық ететіні
байқалып, халықтың рухын көтеретін ұлы күш
– ұлт батырларының ел қорғаудағы ерліктерін
үлгі ету қолға алынды. Бұрындары жабық болып
келген ұлттық батырлар, батырлық эпостар қолға алынып, зеттеліне бастады.
Осы кезде тіпті орыс отаршылдарына қарсы күресіп өткен
Кенесары Қасымұлы туралы да мақалалар шыға бастады.
1943жылы белгілі орыс ғалымдары Грековтың, Дружининнің,
Кучкиннің, Бернштамның, Панкратованың, Вяткиннің
қатысуымен, Қазақстан Компартиясы ОК-нің хатшысы
М.Әбдіхалықов пен белгілі ғалым А.Панкратованың редакциясын
басқаруымен «Қазақ ССР тарихы» жарық көрді Осы
кітапқа Кенесары қозғалысы туралы тарауды Е.Бекмаханов жазды.
«Қазақ ССР тарихының» әдебиетке қатысты
тарауларын М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев
жазысты.
Бақылау
сұрақтары:
-
Ғ.Мүсіреповтің мақаласында
Қ.Аманжоловтың «Абдолла» поэмасы соғыс
кезіндегі қазақ поэзиясының аса
ірі табысы ретінде бағаланғаны туралы баяндау.
-
Соғыс жылдарында жазылған
Ә.Тәжібаевтың «Қазақ әдебиетінің
бүгінгі
міндеттері» («Әдебиет майданы», 1941, №4),
М.Әуезовтің «Ерлік-елдің сыны» («Социалистік
Қазақстан», 1941, 30-шілде), Қ.Бекхожиннің «Ерлікті
жырлайық» («Лениншіл жас», 1941, 10шілде), Б.Кенжебаевтың
«Қаһарлы сөз қамал бұзады» («Социалистік
Қазақстан», 1941, 4-қыркүйек),
Қ.Жармағамбетовтың «Жауға өшпенділікті кернете
түседі» («Социалистік Қазақстан», 1942, 29-қараша)
мақаларымен танысу.
Пайдалынылатын әдебиеттер.
1. Д.Ысқақұлы
Сын өнері. А., 2001
2. Т.Кәкішев
Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996
3. Т.Кәкішев Сын
сапары. А., 1974
4. Т.Кәкішев
Оңаша отау. А., 1974
5. Ә.Нарымбетов
Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және
өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960,
А., 1997
6. М.Қаратаев
Әдебиет және эстетика. А., 1970
9-лекция: Қазақ
әдебиеттану ғылымының қалыптасуы.
Қамтылатын мәселелер:
- А. Байтұрсынов әдебиет теориясын қалыптастырушы.
- Қ. Жұмалиевтың әдебиеттену ғылымына
қосқан үлесі.
- З. Ахметов өлең сөздің теоретигі.
- З. Қабдолов әдебиеттанушы-ғалым.
- А. Нұрқатов мұхтартанушы ғалым.
- Р.
Бердібаев зерттеулеріндегі әдебиеттану мәселелері.
Соғыс
жылдарында бұрындары тыйым салынып келген ұлттық
батырлардың ел қорғау ісіндегі ерліктері насихатталып, олар
туралы тарихи және эпостық жырлар жарияланды. Қазақ
халқының тарихын зерттеу істері қолға алынып,
батырлық салты жайлы еңбектер едәуір көрінді.
М.Ақынжановтың «Қазақ халқының жауынгерлік
дәстүрі» (Социалистік Қазақстан», 1941,
12-қазан), Х.Әбілгереевтің «Қазақ
халқының құрылу тарихы туралы»» (Социалистік
Қазақстан», 1941, 18-мамыр), Е.Ысмайловтың «1916 жылғы
көтеріліске қатысушылардың кейбір жауынгерлік салты» »
(Социалистік Қазақстан», 1941, 14-қыркүйек),
Б.Кенжебаевтың «Абылай» » (Социалистік Қазақстан», 1942,
15-қаңтар), С.Мұқановтың «Батырлық салт» »
(Социалистік Қазақстан», 1942, 7-қараша),
Ғ.Мүсіреповтің «Батырлар ұрпағы» » (Социалистік
Қазақстан», 1942, 17-қараша), сияқты мақалаларда
қазақ халқының өткені тарихи және
әдеби деректер негізінде әр түрлі қырларымен
әңгімеленді. Сондай-ақ Сырым Датұлы, Исатай
Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы туралы да мақалалар
жарық көрді.
Осы
кездердегі әдеби сында соғыс тақырыбының
қазақ әдебиетінде игерілуі басты тақырыпқа
айналды. С.Айтмұқановтың «1916 жылғы көтеріліс
және поэзия» («Әдебиет және искусство», 1941, №2),
Б.Кенжебаевтың «Қаһарлы сөз қамал бұзады»
(«Социалистік Қазақстан», 1941, 4-қыркүйек),
С.Мұқановтың «Отан қорғауда маңызы зор
поэма » (Социалистік Қазақстан», 1941, 10-тамыз),
Е.Ысмайыловтың «Қазіргі поэзияда отан қорғау тақырыбы»
(Әдебиет және искусство», 1941, №5), «Соғыс кезіндегі
қазақ поэзиясының жай мен міндеті туралы» (ССРО ҒА
Қазақ филиалының Хабарлары. Тіл және әдебиет
сериясы. 1944, 1кітап), «Батырлық жырларда Аманкелдінің бейнесі»
(Социалистік Қазақстан», 1944, 14-маусым) қазақ
әдебиетіндегі соғыс тақырыбын қарастырып, дәуір
талабына үн қосты.
Кенесары
қозғалысының әдебиетте бейнеленуі жайлы еңбектер
көрінді. Қ.Бекхожин «Кенесары-Наурызбайдың әдебиеттегі
бейнелері» («Әдебиет және
искусство», 1941, №5) атты мақала жазды. Онда Кенесарыны «өз
халқының шын мағынасындағы патриот ұлы» деп
бағалап, осы қозғалысқа байланысты туған
Нысанбайды, Досқожаның, Күдерінің, Доскейдің,Саяділдің,
Иманжанның өлеңдеріне тоқталды. Қ.Жұмалиев
8-9 кластарға арналған оқу құралдарында «Кенесары
Қасымов жалпы қазақ мүддесін және
қазақтың тәуелсіздігін қорғап алу
мақсатын көкседі» (Қ.Жұмалиев. «Қазақ
әдебиеті», А.,1943, 229-б.) – деп жазды. Ал Кенесары туралы кезінде
бірнеше рет теріс пікірлер білдіріп келген С.Мұқановтың
өзі Кенесары «қазақ халқының тәуелсіздігі
үшін күресті». «Кенесары мен Наурызбай бастаған халық
көтерілісі – Россия патша үкіметінің қазақ
даласын отарлау саясатына қарсы шыққан көтеріліс»
(С.Мұқанов. Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ
ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер. А., 1942, 83-88-бб.)
– деген ғылыми негізді тұжырым жасап, жоғары бағалады.
Қазақтың
бай ауыз әдебиетін зерттеу батырлар жырынан басталады.
И.Есмағамбетовтың «Батырлар жыры қазақ тарихының
анықтаушысы» («Әдебиет және искусство», 1940. №4-5),
Б.Кенжебаевтың «Қобыланды батыр» («Әдебиет және
искусство», 1940. №12), Ә.Марғұланның «Геройлық
жыр тудырудың бірінші дәуірі» («Әдебиет және
искусство», 1941. № 1), т.б. жарияланды. Б.Кенжебаевтың «Қазақтың
ертегілері туралы» («Әдебиет және искусство», 1940. № 1),
мақаласында олардың тегіне, қайдан, қалай шығып,
таралғанына үңілді. Оның қазақ эпосы туралы
бірнеше зерттеуі жарық көрді. Ол «Қазақтың
халық эпосы туралы» («Әдебиет және искусство», 1939. № 2),
мақаласында эпос теориясына тереңдеп барды. Бейсекеңмен пікір
жарыстырған М.Ғабдуллиннің «Халық фольклоры жайында»
(«Қазақ әдебиеті», 1940, 28-қаңтар),
Ә.Марғұланның «Эпос жыры туралы» («Лениншіл жас», 1940,
31-шілде) мақалалары шығып, мәселенің
анық-қанығын анықтай түсті.
«Едіге
батыр» жыры туралы Б.Кенжебаев («Әдебиет және искусство», №1940,
№7-8) пен Қ.Жұмалиев («Әдебиет және искусство», 1941. №
3) пікір алысты. Бұларда жырдың тарихи деректерге
жақындығы, түрлі нұсқаларының
көптігі, басқа эпостардан өзіндік ерекшелікетері
көрсетілді. М.Ғабдуллин (Қобыланды батыр// «Әдебиет
және искусство», 1940. № 3) мен Б.Кенжебаев («Қобыланды батыр»
туралы // «Әдебиет және искусство», 1940. № 12) «Қобыланды
батырдың» тарихи негізі хақында сөз қозғап, ол
тарихта болған ба, болса қай заманда өмір сүрген деген
сауалдарға жауап іздейді.
Бақылау
сұрақтары:
- Қазақ әдебиеттану
ғылымының даму бағыты қандай?
- Р. Бердібаев әдебиеттану
мәселелеріне байланысты қандай пікірлер айтты?
- З. Қабдоловтың
әдебиет сынына байланысты
қандай шығармалары бар?
Пайдалынылатын әдебиеттер:
1. Д.Ысқақұлы
Сын өнері. А., 2001
2. Т.Кәкішев
Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996
3. Т.Кәкішев Сын
сапары. А., 1974
4. Т.Кәкішев
Оңаша отау. А., 1974
5. Ә.Нарымбетов
Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және
өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960,
А., 1997
6. М.Қаратаев
Әдебиет және эстетика. А., 1970
10 – лекция:
Қазақ әдебиетінің тарихын жаңаша жүйелеу
және дәуірлеу. Түркі халықтарына ортақ көне
мұралардың қазақ әдебиетіне ықпалымен жалпы
түріктік байланыстары. Ауыз әдебиетін зерттеу саласындағы еңбектер.
Ауыз әдебиеті мұраларын жинап, бастыру шаралары. Қазақ
эпосын Р.Бердібаев, О.Нұрмағамбетова, Ш.Ыбыраев зерттеуі.
Қамтылатын
мәселелер:
- Қазақ әдебиетінің
тарихын жаңаша жүйелеу және дәуірлеу. Түркі
халықтарына ортақ көне мұралардың
қазақ әдебиетіне ықпалымен жалпы түріктік байланыстары.
- Ауыз әдебиетін зерттеу саласындағы
еңбектер. Ауыз әдебиеті мұраларын жинап, бастыру шаралары.
- Қазақ эпосын Р.Бердібаев,
О.Нұрмағамбетова, Ш.Ыбыраев зерттеуі.
10-лекция
Қазақ
әдебиетінің тарихын зерттеу мәселесі соғысқа
дейінгі дәуірде-ақ көтеріле бастаған болатын.
Оның алғашқы адымдары М.Әуезовтың («Әдебиет
тарихы», 1927), С.Сейфуллиннің («Қазақ әдебиеті»,
1932), С.Мұқановтың («ХХ ғасырдағы
қазақ әдебиеті», 1932) еңбектерінде жасалынған
болса, М.Батталов пен Сильченко «Очерки по казахскому фольклору и казахской
литературе» (1933) атты кітабында қазақ әдебиетінің
тарихын шын мәнінде, Ыбырай мен Абайдан бастады. Ыбырайды миссионер,
Абайды феодал деп сыңаржақтыққа ұрынды.
Қазақ
әдебиетінің тарихын жасау туралы арнайы мақала жазған
Е.Ысмайылов оны төмендегідей жүйемен қарастыруға
ұсынды: 1 бөлім – қазақтың фольклоры, 2-
ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті, 3
бөлім – ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
(Е.Ысмайылов. Қазақ әдебиетінің тарихын жасау туралы //
«Социалистік Қазақстан», 1938, 3-қыркүйек). Б.Шалабаев
та кейбір ескертпелер айтқанымен де негізінен Есмағамбеттің
ұсынысын қолдады (Б.Шалабаев. Қазақ
әдебиетінің тарихын жасаудағы кейбір принциптер туралы //
«Әдебиет майданы», 1938, №11). Қ.Жұмалиев осы мәселеге
арнап «ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
туралы» («Әдебиет және искусство», 1940. № 9) мақаласында
қазақ әдебиетінің тарихы он сегізінші ғасырдан
басталады деген бағытты ұстанды.
Осы
мәселеге қатысты Б.Кенжебаев арнайы мақала жазды. Ол
қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлерге бөлуге
арналған еңбектерде ғылыми, тарихи негіздер жетіспей
жатқандығын көрсетіп, өз жүйесін ұсынды:
«Бірінші
– қазақ хандығы тұсындағы әдебиет.
Яғни, ХҮІІІ ғасырдың ақырына дейінгі
әдебиет.
Екінші
– ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы
әдебиет.
Үшінші
– ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет.
Төртінші
– ХХ ғасырдың алғашқы 20 жылындағы әдебиет.
Бесінші
– Кеңес әдебиеті (Б.Кенжебаев. Қазақ әдебиеті
тарихы туралы // «Социалистік Қазақстан», 1941, 15-маусым).
Бейсекеңнің
жүйесінде бұрынғы ғалымдардың бөлуіне
қарағанда көп өзгерістер бар. Б.Кенжебаев фольклорды
әдебиеттің тарихына кіргізбеген. Қазақ
әдебиетінің тарихын ХҮ ғасырдан бастап,
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы әдебиетті «Хандық
дәуір әдебиеті» атауы сол кездері қазақ
әдебиеттану ғылымы үшін елеулі жаңалық болды.
Бұл пікір қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу
істерінде жаңа бағыт туғызып, кейіннен үлкен
ғылыми мектепке айналды.
Қазақ
әдебиетінің тарихын жүйелі түрде
қарастырған күрделі зерттеулер көріне бастады.
«Халық мұғалімі» журналында бір жыл бойы (1941,
№6,7,8,9,11,12) С.Мұқановтың «ХҮІІІ-ХІХ
ғасырдағы қазақ әдебиеті туралы» атты
көлемді еңбегі жарияланды да кейіннен (1942) жеке кітап болып
басылып шықты. Кітап шыға салысымен зиянды еңбек саналып,
«қамауға» алынды. Оның себебі әдебиеттің
таптық принципін барынша берік ұстанған
С.Мұқановтың өзі де ХҮІІІ-ХІХ
ғасырлардағы қазақ поэзиясындағы шындықты,
яғни ұлт-азаттық сарынды ашып айтуға мәжбүр
болғандығы-тұғын. Зерттеудің басында айтылатын
«қазақ өз бостандығын, елдігін қорғай да
білген халық; достаса да, жауласа да білген халық. Халық
бостандығының күрес
өртін ешбір күшпен сөндіруге болмайтындығына
қазақ халқының күрес тарихы куә...» деген
жолдарда орыс билеген заманда айтыла бермейтін ащы шындықтың
қатпар-қатпар сілемдері жатыр. Автор орысқа бағынған
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиетін
«Қазақ халқының тәуелсіздігін қорғау
жолындағы күресін сипаттайтын әдебиет»
(С.Мұқанов. «Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ
ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер». А., 1942,
5-б.) – деп анықтаған.
С.Мұқанов
қазақ әдебиетінің тарихын ХҮІІІ ғасырдан
бастау себебін осыған дейінгі ақын-жыраулардың
аты-жөндерінің сақталмауымен түсіндіреді. Ал
ХҮІІІ ғасырдан кейінгі әдебиетті іштей ұлт
бостандығы үшін күресудің әдебиетке әсері,
«зар заман» әдебиеті, просветительдік әдебиет деп, беске жіктеп
қарастырған.
Еңбектің
алғашқы журналдық нұсқасы мен кітаптың
арасында аздаған айырмашылықтар байқалады. Журналдағы
тақырыбы «ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ
әдебиеті туралы» да, ал кітап, «Қазақтың
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы әдебиетінің тарихынан
очерктер» деген атпен шыққан. Сол сияқты тарау
тақырыптарында да өзгеріс бар. Бірінші тарау «Бостандық
күресі», екіншісі «Зар заман», үшіншісі «Айтыс туралы»
аталынған. Ал кіріспеде жоспарланған «шығыс
әдебиетінің әсері» мен «Просветительдік әдебиет»
кітапта жоқ. Тарауларға «Бостандық күресі», «Зар заман»
деген тақырыптар қойылуынан-ақ авторлық позиция
айқын көрінеді.
«Бостандық
күресі» тарауында халқының ХҮІІІ ғасырдағы
азаттық жолындағы күресін қысқаша шола келіп,
күрескер ақындар қатарында Бұхар жыраудың, Сырым
батырдың, Махамбеттің өлеңдеріне, Жанқожа батыр,
Кенесары-Наурызбай туралы жырларға, «Бекет батыр» дастанына,
«Айман-Шолпан» жырына арнайы тоқталады. Сондай-ақ
Жәңгір ханның сарай ақындары болған Боран
ақынның, Байтоқ жыраудың, Жанұзақ
жыраудың да өлеңдерін қарастырған. Байтоқ
пен Жанұзақтың қазақ поэзиясында ода жанрын
жасағандығын атай өтеді. Кенесары-Наурызбай бастаған
халық көтерілісіне арналған шығармалардан
«Досқожа ақынның Кенесарыға айтқаны»,
«Наурызбай-Қаншайым», «Топ жарған», «Жасауыл қырғыны»,
«Төлеген молданың Кенесары туралы айтқаны»,
«Кенесары-Наурызбай туралы жыр» дастандарын атап, осылардың ішінен
«Наурызбай-Қаншайымды» талдаған.
«Зар
заман» терминін алғаш М.Әуезов («Әдебиет тарихы», 1927)
қолданып, оған Бұқар жырау, Махамбет, Шортанбай,
Мұрат, Ыбырай Алтынсарыұлы, Нармамбет, Шернияз, Досқожа,
Күдері, Нысанбай, Ығылман сияқты ақындарды
жатқызса, С.Мұқанов бұл бағытқа Шортанбай,
Шернияз, Мұратты ғана атап, жырларын талдаған.
«Айтыстар
туралыда» бұл өнердің қазақ ауыз
әдебиетінде ерте заманнан келе жатқандығын айта келіп, оны
әдет айтысы, жұмбақ айтысы, дін айтысы түрлеріне жіктей
қарастырған. Айтыстың озық үлгісі ретінде
«Біржан-Сара» айтысына кеңірек тоқталып, оның көркемдік
жағын жоғары бағалаған.
Алғашында
қазақ әдебиетіне шығыс мәдениетінің
әсері арнайы қарастырылмақшы болып жоспарланған.
«Бір-бірінен үлгі алмайтын әдебиет болмайды. Бірақ
қазақ әдебиеті ХІХ ғасырдан бастап қана араб,
парсыдан, орыс, Европа әдебиетінен үлгі ала бастады» - деп білетін
автордың бұл ойларын жүзеге асыруға тиіс тарау түрлі
себептермен жазылмай қалған. Сол сияқты «ХІХ
ғасырдың 70-жылдарынан бастап просветительдік әдебиет туды»,
- деп жазғанымен де бұл тарау да бітпеген. Бірақ та
С.Мұқановтың кейінгі Ш.Уәлиханов,
А.Құнанбаев туралы зерттеулерінің осы ағартушылық
бағыттағы әдебиетті қарастырмақшы болған
ой-жоспарларымен орайласып жатқандығын байқау қиын
емес. Тіпті С.Мұқановтың Шоқан туралы мақаласы
оның осы ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ
әдебиеті туралы очерктерінен бұрын жарияланды. «Шоқан
Уәлихановтың халықшылдығы туралы» (Коммунист 1941, №4)
мақаласы қазақ әдебиеттану ғылымындағы
Шоқан туралы алғашқы елеулі еңбектердің бірі
болды. Кейіннен бұл тақырып С.Мұқановтың
ғылыми, көркем шығармашылығының өзегіне
айналып, ондаған мақалалар, зерттеу монографиясы, екі пьеса,
«Аққан жұлдыз» романдары өмірге келді.
Ш.Уәлиханов
туралы соғыс жылдарында біршама ізденістер жасалынды.
Қ.Бекхожиннің «Шоқан Уәлиханов –
қазақтың тұңғыш білімпазы» («Әдебиет
және искусство», 1941, №1; «Лениншіл жас», 1941, 18-қаңтар).
Б.Кенжебаевтың «Шоқан Уәлиханов» («Әдебиет және
искусство», 1945, №4), Ә.Марғұланның «Шоқан
Уәлиханов – Орта Азия халықтарының тарихын зерттеуші»
(Коммунист 1941, №4), Е.Ысмайловтың «Қазақтың бірінші
білімпазы – Шоқан Уәлиханов» («Социалистік Қазақстан»,
1944, 30-қаңтар), Х.Айдарованың «Қазақ
халқының тұңғыш ғалымы Шоқан
Уалиханов» («Қазақстан большевигі», 1945, №3) мақалаларында
Ш.Уәлихановтың артына қалдырған мұрасы
кеңінен әңгімеленіп, шоқтанудың іргесі берік
қалана түсті.
Қазақ
әдебиетінің өткендегі ірі өкілдеріне арналған
бірсыпыра мақалалар жарияланды. Б.Кенжебаевтың «Ақмолла»
(«Әдебиет және искусство», 1941, №5), Н.Орынтаевтың
«Әсет ақын» («Социалистік Қазақстан», 1941, 8-маусым),
Н.Оразбековтың «Жаяу Мұса» («Әдебиет және искусство»,
1941, №4), Т.Әлішердің «Шернияз шешен» («Лениншіл жас», 1941,
5-қаңтар), Е.Ысмайыловтың «Ақан сері» («Әдебиет
және искусство», 1941, №2), Б.Сүлейменовтің «Ыбырай
Алтынсарин» («Социалистік Қазақстан», 1945,
15-қыркүйек) сияқты жарияланымдарда өткен замандарда
жасаған әдебиеттің ірі өкілдерінің өмір
жолымен, өнерпаздығымен кеңірек таныстыру мақсатын
көздеді. «Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің
жаңа шығармалары» деген тақырыппен «Социалистік
қазақстан» газеті өзінің 1945 жылғы
7-қазандағы нөмірінде ресми идеология тарапынан онша
ықылас көре бермеген діншіл ақынның бір топ
өлеңін жариялады.
Бақылау
сұрақтары:
-
Қазақ әдебиетін жүйелеудегі Х.
Сүйіншәлиев еңбектері жайлы не білесің?
-
Кеңес дәуіріңдегі
қазақ фольклористикасының қалыптасу, даму жолдары.
- Қазіргі
қазақ
фольклористикасындағы
типологиялық және жүйелі функционалдық зерттеу
әдістері қандай?
- Ғабдуллин
М. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті»
еңбегінің маңызы қандай?
- М. Әуезовтің
қазақ халқының ауыз әдебиеті туындыларын жинап,
жариялауға қосқан үлесі, қазақ фольклоры
жайлы ой-пікірлері қандай?
Пайдалынылатын әдебиеттер:
1. Т.Кәкішев
Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996
2. Т.Кәкішев Сын
сапары. А., 1974
3. Т.Кәкішев
Оңаша отау. А., 1974
4. Ә.Нарымбетов
Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және
өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960,
А., 1997
5. М.Қаратаев
Әдебиет және эстетика. А., 1970
11-лекция: Шоқан, Ыбрай, Абай
шығармашылығы жайлы жаңа еңбектері.
Ә.Марғұлан, Ш. Сәтпаева, З.Ахметов, Қ. Мұхаметханов,
Ж.Ысмағұлов, М.
Мырзахметов, Абайтанудың тарихы ондағы қаишылықты
жағдайлар. Абай мұрасы Қ.Жұбановтың, М.
Әуезовтың еңбектері. С.Мұқановтың зерттеуі
соңғы Жылдардағы зерттеулер.
Қамтылатын мәселелер:
- Шоқан, Ыбрай, Абай шығармашылығы жайлы жаңа
еңбектер.
- Ә.Марғұлан, Ш. Сәтпаева, З.Ахметов, Қ. Мұхаметханов,
Ж.Ысмағұлов, М.
Мырзахметов, Абайтанудың тарихы ондағы қайшылықты
жағдайлар.
- Абай мұрасы
Қ.Жұбановтың, М. Әуезовтың
еңбектерінде.
С.Мұқановтың соңғы жылдардағы
зерттеулері.
1940
жылы Абайдың туғанына 95 жыл толуына орай ақын мұрасын
игеру істері жандана түсті. Абай шығармаларының толық
жинағы басылып шықты. Онда М.Әуезов жазған
ақынның толық өмірбаяны берілді. Ақын
өлеңдерінің алғаш рет орыс тілінде «Абай Кунанбаев.
Лирика и поэмы» (Москва, 1940) деген атпен басылып шығуы
қазақ әдебиеті үшін айтулы оқиға болды.
Е.Ысмайылов пен Қ.Беқхожиннің құрастыруымен
ақын шығармаларының библиографиялық көрсеткіші
тұңғыш рет басылып шықты. Абай
шығармаларының толық жинағының қазақ
және орыс тілдерінде шығуы, библиографиялық көрсеткіштің
жасалуы абайтанудағы айтарлықтый жетістік болды.
Абайдың
мұрасы жайлы баспасөз бетінде көптеген материалдар
жарияланды. Ақын поэзиясы хақында әдебиет сыншылары мен
ғалымдар, ақын-жазушылар кеңінен пікір алысты.
М.Бөжеевтің «Абайдың аударма еңбектері (Абай мен
Пушкин)» («Әдебиет және искусство», 1940, №2), Е.Ысмайыловтың
«Кемеңгер Абай» («Әдебиет және искусство», 1940, №9), «Абай
образы» («Абай» пьесасы жөнінде) («Әдебиет және искусство»,
1941, №3), Қ.Жұмалиевтің «Абай поэзиясының тілі»
(«Әдебиет және искусство», 1940, №12), «Абай ұлы реалист
ақын» («Әдебиет және искусство», 1941, №4),
Қ.Қалиевтің «Абайдың «Толық жинағы»
(Лениншіл жас. 1941, 11қаңтар), т.б. мақалаларында
бұрынғы Абай феодал ақыны деген сияқты таптық
тұрғыдағы танымынан гөрі қазақ
әдебиетінің классигі ретінде тануға ұмтылушылық
байқалды. Е.Ысмайылов «...Қараңғылық,
әділетсіздік қаптаған кәрі дүниемен алысып,
өз халқын жарық, нұрлы ғылым дүниесіне
бастап кеткен кемеңгер Абай...» («Әдебиет және искусство»,
1941, №3, 111-б.)-деп жазды. Қ.Жұмалиев «Абай поэзиясының
тілі» атты мақаласында ақын поэзиясын зерттей келіп, оның тіл
мәдениетін, сөз қолданылу ерекшелігін аса жоғары
бағалады. Абай поэзиясының тілін «ең көркем, ең
алдағы тіл. Абайды қазақ тілінің энциклопедиясы деп
толық айта аламыз» («Әдебиет және искусство», 1940, №12,
61-б.)-деген пікір білдірді. «Әдебиет және искусство»
журналының 1940 жылғы тоғызыншы саны түгелге жуық
Абайға арналды. Е.Ысмайыловтың «Кемеңгер Абай»
мақаласымен ашылған басылымда Абайдың жарияланбаған
өлеңдерінен, Онегиннің екінші хаты, ақынның
жұмбақтары, ғақлия сөздері, нақыл
сөздері, Уасила Абайқызының, Абайдың келіні, ақын
Әбубәкірдің әйелі Қимаштың естеліктері,
Абайдың ақын шәкірттері Әубәкірдің,
Әсеттің, Нармамбеттің өлеңдері берілген.
Абайдың
туғанына жүз жыл толуына орай ақын мұрасын игеруде
қыруар жұмыстар атқарылды. 1945 жылы ақынның
академиялық толық жинағы басылып шықты. Кітап
С.Мұқановтың «Абай – қазақ халқының
ұлы кемеңгері» атты көлемді зерттеуімен шықты.
Баспасөз бетінде жарияланған Тұрағұл
Абайұлының «Әкем туралы» («Социалистік
Қазақстан», 1945, 15-тамыз), Қ.Аманжоловтың «Абай
шығармаларының аудармасы» («Социалистік Қазақстан»,
1945, 22-желтоқсан), М.Әбдіхалықовтың «Абай –
қазақ халқының даңқты ақыны
және ағартушысы» («Қазақстан большевигі», 1945,№3),
М.Әуезовтің «Абай еңбектерінің биік нысанасы»
(«Социалистік Қазақстан», 1945, 18-тамыз), М.Әуезов пен
Б.Кенжебаевтың «Абай-қазақ халқының ұлы
ақыны» («Социалистік Қазақстан», 1945, 15-мамыр),
Қ.Жұмалиевтің «Көркем тіл жөніндегі Абайдың
кейбір жаңалықтары» («Социалистік Қазақстан», 1945,
№134 ), Б.Кенжебаевтың «Абайдың қара сөздері»
(«Социалистік Қазақстан», 1945, 15-тамыз), «Ақын Абай»
(«Лениншіл жас», 1945, 1-қыркүйек), Т.Нұртазиннің «Абай
және орыстың классик әдебиеті» («Майдан», 1945, №2),
Н.Сауранбаевтың «Абайдың әлеуметтік көзқарасы» («Майдан»,
1945, №2), «Абай – жаңа көркем әдебиеттің атасы»
(«Социалистік Қазақстан», 1945, 27-наурыз), М.Сильченконың
«Қазақтың даңқты ағартушы ақыны Абай
Құнанбаев» («Қазақстан большевигі», 1945, №1-2),
Ә.Тәжібаевтың «Абайдың лирикасы туралы» («Майдан»,
1945, №2), «Абай және қазақ әдебиеті» («Социалистік
Қазақстан», 1945, 19-тамыз), Л.Хамидидің «Абайдың
музыкалық мұрасы» («Социалистік Қазақстан», 1945,
26-тамыз), Т.Шойынбаевтың «Абайдың қазақ тарихына
көзқарасы» («Майдан», 1945, №2), Е.Ысмайыловтың «Абайдың
өлең құрылысы туралы» («Социалистік
Қазақстан», 1945, 12-тамыз), «Абай өлеңдерінің
сұлулық, әуезділік ерекшеліктері» («Социалистік
Қазақстан», 1945, 14-тамыз), «Абайдың көркем сөз
ерекшеліктері» («Социалистік Қазақстан», 1945, 22-тамыз) секілді
жарияланымдар абайтанудың көкжиегін кеңейте түсті. Абай
шығармалар жинағының шығуына орай Ә.Тоқмағамбетовтің
(Абайдың үш кітабы // «Социалистік Қазақстан», 1945,
31-шілде), С.Төлешовтың (Абай Құнанбаев // «Социалистік
Қазақстан», 1945, 18-қыркүйек) өзбек тілінде
басылуына байланысты С.Төлешовтың (Абай өлеңдері //
«Социалистік Қазақстан», 1945, 19-тамыз) рецензиялары жарық
көрді.
Абай
мұрасына арналған мақалалар көлемді зерттеулерге
ұласып, абайтанудың ғылыми-зерттеушілік,
әдеби-теориялық деңгейі арта түсті. 1945 жылы
жарық көрген М.Әуезов пен Б.Кенжебаевтың «Абай –
қазақтың ұлы ақыны», М.Сильченконың «Абай»
атты кітапшалары осы саладағы ғылыми ізденістердің
нәтижесінде туды.
С.
Мұқановтың «Абай Құнанбаев» монографиясы,
кейіндеу басылып шыққанымен де, Абайдың туғанына
жүз жыл толуы қарсаңында жазылып біткен болатын. Оның
негізгі мазмұны С.Мұқановтың сол кезде жариялаған
мақалаларында, ақын шығармашылығына арналған
түрлі жиындарда сөйлеген сөздерінде, жасаған
баяндамаларында жұршылыққа мағлұм етілді. Солай
бола тұра Сәбит бұл еңбегіне ерекше мән беріп,
әлі де жетілдіре түсу мақсатымен жариялауға асықпаған
сияқты. Жалпы Абай тақырыбы С.Мұқановты әдебиетке
араласа бастаған кезден-ақ бейтарап қалдырмаған.
Жазушының Абай туралы пікірлерінен абайтану ілімінің, одан
қалды, бүкіл қазақ әдебиеттану
ғылымының даму эволюциясы айқын көрінеді. «Қара
тақтаға жазылып қалмаңдар, шешендер!» («Еңбекші
қазақ», 1923, 1-наурыз) атты атышулы мақаласында Абайды
үстем таптың өкіліне жатқызып, саяси
қырағылық танытқан Сәбең отызыншы
жылдардың өзінде-ақ «Абайды тану жолындағы пікірлер»
(«Қазақ әдебиеті», 1934, 29-қараша), «Абай –
қазақ халқының ұлы кемеңгері» (Кітапта:
Абай Құнанбаев. А.,1945), - деп танып, білді; ақын туралы
көлемді зерттеу еңбегі өмірге келді.
С.Мұқановтың «Абай Құнанбаев» атты зерттеуі
қырқыншы жылдардағы қазақ әдебиеттану
ғылымы шыққан биік белестердің санатында саналады.
«Абай
Құнанбаев» монографиясында автор «Абайды өз заманымен
тұтас көрсетуді көздейтінін» (С.Мұқанов.
Таңдамалы шығармалар, 16-том. А.,1980, 169-б.) ескерткен. Ол
үшін «Абайдың ата тегін де өз өмірін де,
ақындық таланты мен шеберлігін де, оқу-білімінде, жалпы
адамдық, өз ұлтының пікірлерін де, өміріндегі,
шығармаларындағы күшті иә әлсіз жақтарын да
түгел қамту» (сонда, 187-б.) мақсат тұтылған.
С.Мұқанов үшін «Абай сөз жоқ, ұлттың,
қызық ұлтының ақыны, бірақ тар
мағынасындағы ұлт ақыны ғана емес, кең
мағынасындағы ұлт ақыны, яғни
шығармаларында өз ұлты қазақтың
тұрмыс шындығын ашу арқылы ол өз заманындағы
жалпы адам баласының тұрмысына тән шындықтарды да
ашады» (сонда, 185-б.), «Абай – зор кісі. Ол – зор ақын да, зор ойшыл да,
зор қоғамшыл да, зор күресшіл де» (сонда, 186-б.).
Монография
«Абайды тану туралы», «Абайдың ата-тегі», «Абайдың өмірі»,
«Абайдың дүниеге көзқарасы», «Абай және
қазақ өмірі», «Абайдың әдебиетке
көзқарасы және ақындық шеберлігі» тарауларынан
тұрады. Тараулардың тақырыптарынан-ақ
Сәбиттің тек Абай поэзиясын ғана емес, оған
қатысты жағдайлардың барлығын кеңінен
қопарғандығы көрінеді. Автор Абай
шығармашылығын тар әдеби тұрғыда ғана емес,
кең мәдени-тарихи ауқымда алып қарастырған.
Сондықтан да зерттеуде әдеби, тарихи, ғылыми деректер молынан
пайдаланылған. С.Мұқановтың қазақтың
әдебиеті мен тарихын жетік білетіндігі, ақын поэзиясын батыс,
шығыс мәдениеті ауқымында салыстыра отырып зерттеуі
еңбектің ғылымилық өресін биіктете түскен.
Автор Абайды әлемдік әдеби контексте қарастыра отырып,
абайтану үшін аса құнды пікірлер айта білді.
С.Мұқановтың
пайымдауынша, Абай – «өз заманының әрі тарихшысы, әрі
жаңашылы, әрі экономисі, әрі саясатшысы, әрі философы,
әрі мысқылшысы, әрі эстетигі, әрі суретшісі, әрі
ақыны, әрі музыканты, әрі прозаигі, әрі аудармашысы,
әрі ақсақалы, әрі замандасы, әрі баласы...ХІХ
ғасырдың екінші жартысындағы қазақ тіршілігі
Абайды дүние жүзінің ең алдыңғы қатардағы
данышпанындай қайратпен, ақылмен, сезіммен туғыза білді»
(сонда, 255-б); «Абай зор сезім мен зор ақылдың басы түйіскен
жерден шыққандықтан және сол зор сезім мен зор
ақылға қор білім қосылғандықтан ғана
қазақ әдебиетінің тарихында жаңа дәуірді
бастаушы болып отыр... Жалғыз кітаптан ғана емес, жалпы
өмірден де өзіне қажетті нәр алу, олардан
мән-маңыз табу, өзінің тоқығанын
көпшілікке ортақ ету шын мағынасындағы ақылды
адамның қолынан келеді, ондайларға халықтың
қойған аты – данышпан. Біздің Абай ақындығының
үстіне осындай данышпан адам» (сонда, 353-б.). Автор ұлы
Абайдың қазақ поэзиясына қосқан жиырма
түрлі жаңалығын көрсетіп, олардың
әрқайсысына нақтылы мысалдар келтірген.
Болмысы
суреткер С.Мұқанов ақын туралы зерттеу жазу үстінде де,
шығармаларды талдау болсын, ойларын баяндау болсын, шын шеберлік танытып
отырған. Ғылыми-көркем стильмен көрікті жазылған
жолдар оқырманын Сәбиттің ақын туралы айтқан
салмақты ойларына қарай жетелейді. Кейде қысқа, кейде
ұзақ құрылған сөйлемдер Абай әлеміне
қарай жетелеп, сиқырлы сөз әлемін еркін аралатады;
ақынға деген, жалпы поэзияға, әдебиетке деген
құштарлығыңызды арттырып, руханияттың
мөлдір бұлағының кәусарынан мейіріңізді
қандыра түседі.
Абайдың
жүз жылдық мерейтойы республика көлемінде кеңінен
аталып өтті. 1945 жылдың наурыз айында КСРО Ғылым академиясы
Қазақ филиалының Тіл, әдебиет және тарих
институты Абайдың туғанына 100 жыл толуына арналған
ғылыми сессия өткізді. Онда Н.Сауранбаевтың «Абай –
қазақ әдебиетінің классигі», М.Әуезовтің
«Абай және орыс классиктері», М.Сильченконың «Абай мен Крылов
мысалдары», Ә.Мәметованың «Абайдың шығыс
классиктерімен байланысы», Н.Смирнованың «Абай
өлеңдерінің халыққа тарауы», Е.Ысмайыловтың
«Абайдың ақындық шеберлігі», Қ.Жұмалиевтың
«Абайдың ақындық тілі», М.Ритманның «Абай және
қазіргі өмір», Г.Рошальдің «Абай» кинофильміндегі Абай
бейнесі» тақырыптарындағы баяндамалары тыңдалды.
А.Жұбановтың басқаруымен Абай әндерінен концерт
қойылды.
15-тамызда
Абайдың туғанына 100 жыл толу мерекесі тойланды. Жиналысты кіріспе
сөзбен Қазақ ССР Халық Комиссарлар
кеңесінің төрағасы Н.Оңдасынов ашып,
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің идеология
жөніндегі хатшысы М.Әбдіхалықов «Абай – қазақ
халқының данышпан ақыны және ағартушысы» деген
тақырыпта баяндама жасады. Орыс ғалымы В.Кирпотин, өзбек
ақыны Ғафур Ғұлам, түркімен ақыны Х.Карриев
Абай туралы өз ойларын ортаға салды.
Осы
жылдың 16-17 тамыз күндері Қазақстан Жазушылар
Одағының осы датаға арналған ІҮ салтанатты
пленумы болып өтті. Онда М.Әуезов «Абайдың өмірі мен
еңбегі», Ә.Тәжібаев «Абай және қазақ
әдебиеті», Ғ.Мүсірепов «Абай және орыс классиктері»
бойынша баяндамаға шықты. КСРО-ның түкпір-түкпірінен
келген ақын-жазушылар, ғалымдар ақын аруағына
тағзым етті.
24-тамызда
КСРО ҒА Қазақ филиалының Тіл, әдебиет және
тарих институты мен Абай атындағы Қазақ Педагогика
институтының осы айтулы оқиғаға арналған
мерекелік ғылыми сессиясы болды. Абайдың 100 жылдығына
арналған сессияны Қ.Сәтбаев ашып, кіріспе сөз
сөйледі. Н.Сауранбаев, М.Сильченко, Ә.Мәметова, Р.Лемберг,
Е.Ысмайылов, А.Жұбанов, Қ.Мұхаметханов баяндамалар жасады.
Бақылау
сұрақтары:
-
Шоқан, Ыбрай, Абай шығармашылығы жайлы
жаңа еңбектермен танысу.
Ә.Марғұлан, Ш. Сәтпаева, З.Ахметов, Қ. Мұхаметханов,
Ж.Ысмағұлов, М. Мырзахметов, Абайтанудың тарихы ондағы
қайшылықты жағдайларды анықтау.
- М. Әуезовтің әдеби шығармашылық
көзқарас танымының қалыптасуына Абай
өлеңдерінің әсері қандай блды?
- Абай шығармаларын жинап, сараптап, жариялау
жұмыстары қазақ әдебиетінде қалай
жүргізілді?
- М. Әуезов және т. б. ғалымдар
Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы дерек,
мағлұматтарды, архив құжаттарын мен көнекөз
қариялардың естеліктерін қалай іздестіріп жинақтады?
Пайдалынылатын әдебиеттер:
1. Т.Кәкішев
Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996
2. Т.Кәкішев Сын
сапары. А., 1974
3. Т.Кәкішев
Оңаша отау. А., 1974
4. Ә.Нарымбетов
Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және
өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960,
А., 1997
5. М.Қаратаев
Әдебиет және эстетика. А., 1970
12-лекция: XX ғ. барысындағы қазақ
әдебиеті тарихының зерттелуі.
Б.
Кенжебаев. Бұл саладағы жаңа еңбектер А. Байтұрсынов пен М. Дулатов
шығармаларының басылуы. Олар
жайлы зерттеулер. Ш.Құдайбердиев (Ш.Сәтпаев),
С.Торайғыров «А.Еспенбетов» Ғ.Қарашов
(Қ.Сыздықов) т.б жаңа зерттеулер. Кеңестік
дәуірдегі қазақ әдебиетін зерттеу ісінің жалғасуы.
С. Сейфуллин С.Қирабаев, Е. Ысмайлов,
Т. Кәкішев т.б. шығармашылығы жайлы зерттеулер.
Қамтылатын мәселелер:
- XX ғ. барысындағы қазақ
әдебиеті тарихының зерттелуі.
- Б. Кенжебаевтың бұл саладағы жаңа
еңбектері.
- А.
Байтұрсынов пен М. Дулатов
шығармаларының басылуы. Олар
жайлы зерттеулер. Ш. Құдайбердиев (Ш.Сәтпаев), С.
Торайғыров «А.Еспенбетов»
Ғ. Қарашов (Қ.Сыздықов) т.б жаңа
зерттеулер.
- Кеңестік дәуірдегі қазақ
әдебиетін зерттеу ісінің жалғасуы. С. Сейфуллин шығармашылығының С.
Қирабаев, Е. Ысмайлов, Т. Кәкішев т.б. ғалымдар
еңбектерінде зерттелуі.
Қазақ
әдебиеттану ғылымында А.Байтұрсыновтан кейін
әдебиеттің теориясы саласында соғысқа дейінгі
дәуірде біршама ізденістер жасалынып, көркем әдебиеттің
теориялық жақтарын қарастырған көптеген
ғылыми мақалалар көрінді. Отызыншы жылдардың соңына
қарай Қ.Жұмалиевтың «Әдебиет теориясы» (1938),
Е.Ысмайыловтың «Әдебиет теориясының мәселелері» (1940)
басылып шыққаны белгілі. Бұл еңбектердің
негізінен орыс әдебиеттануындағы маркстік-лениндік эстетика
негізінде жазылып, Л.Тимофеевтің (1934), И.Виноградовтың (1936),
Г.Поспеловтің (1940) әдебиет
теориясына арналған кітаптарымен іле-шала
шыққандығының өзі қазақ әдеби
білімінің дәуір талаптары деңгейінен көрінуге
ұмтылысын көрсетсе керек. Сонымен бірге бұл еңбектер
қазақ сөз өнерінің теориялық жақтарын
талдап түсіндірген, қазақ әдебиеттану
ғылымының соғыска дейінгі кезеңде теория саласында
жеткен елеулі жетістіктерінің қатарында саналады. Екі еңбек
те сол кездегі кеңестік қоғамда үстемдік
құрып тұрған социалистік реализм әдісі негізінде
жазылғанымен де қазақ әдебиетінің көркемдік
болмысын ұлттық таным тұрғысынан шынайы
түсіндіретін жақтары да баршылық. Осындай зиянды
жақтары үшін Е.Ысмайловтың «Әдебиет теориясының
мәселелері» (1940) қолданылудан алынып тасталынды.
Көркем
әдебиеттің поэтикалық жақтарын игеруді мақсат
тұтқан еңбектер соғыс жылдарында да көрініп
жатты. А.Алғожиннің «Әдебиет теориясы»
(Қ.Жұмалиевтың кітабы туралы, «Лениншіл жас», 1941,
24-көкек), М.Ғабдуллиннің «Әдебиеттегі жағымды
образ туралы» («Лениншіл жас», 1941, 21-маусым), Б.Кенжебаевтың «Аударма
туралы» («Социалистік Қазақстан», 1942, 23-көкек),
Қ.Жұмалиевтің «Қазақ өлең
құрылысы, тілі жөніндегі Абайдың
жаңалықтары» («Майдан», 1944, №2), «Көркем тіл
жөніндегі Абайдың кейбір жаңалықтары» («Социалистік
Қазақстан», 1945, №134), Е.Ысмайловтың «Абайдың
өлең құрылысы туралы» («Социалистік
Қазақстан», 1945, 12-тамыз) сияқты мақалаларды
көркем әдебиетті теориялық тұрғыдан
түсіндіруге деген соны ізденістерді байқауға болады.
Қазақ
әдеби байланыстары, оның ішінде орыс әдебиеті жайлы
көптеген мақалалар жарық көрді.
Т.Нұртазиннің «Абай және орыстың классик
әдебиеті» («Майдан», 1945, №2), Ғ.Мүсіреповтың «Абай
және орыс әдебиетінің классиктері» («Социалистік Қазақстан»,
1945, 21-тамыз), «Горький айтқан жаңа адам» («Социалистік
Қазақстан», 1943, 28-наурыз), Е.Ысмайловтың «Чехов және
қазақ әдебиеті» («Социалистік Қазақстан», 1944,
шілде), М.Әуезовтың «Орыс классиктері мен Абай» (КСРО ҒА
қазақ филиалының хабарлары. Тіл және әдебиет
сериясы, бірінші кітап), Ә.Тәжібаевтың «Горький бізді
бүгін де жеңіске шақырады» («Социалистік
Қазақстан», 1943, 22-маусым) т.б. мақалаларды
қазақ-орыс әдеби байланыстары орыс әдебиетінің
кеңес халықтары әдебиетінің дамуындағы
көшбасшылық рөлі тұрғысында қарастырылды.
Осы
кездерде қарт ақын Жамбылдың даңқы кеңінен
жайылды. Жамбыл туралы мақалалар республикалық басылым беттерінде
көптеп көрінді. Т.Жароковтың «Жамбылмен әңгіме»
(«Социалистік Қазақстан», 1941, 22-маусым), М.Әузовтың
«Халықтың ғасырлық жыры» («Социалистік
Қазақстан», 1945, 24-маусым), Е.Ысмайыловтың «Халық
даналығының алыбы» («Социалистік Қазақстан», 1945,
24-маусым), Ғ.Мүсіреповтың «Алып ақын атамыз»
(«Социалистік Қазақстан», 1945, 24-маусым), «Жамбыл айтыстары орыс
тілінде» («Социалистік Қазақстан», 1941, 8-қаңтар),
т.б. мақалаларды Жамбылдың ақындығы, суырып салмалық
сөз өнері жайлы пайдалы мағлұиаттар берілді. Ақын
қайтыс болғанда республика басшылығы атынан қазанама
жазылып, барлық басылымдар материалдар берді. С.Мұқанов,
Доскей, Ғ.Мүсірепов, Шашубай, М.Әуезов, Орынбай, т.б. «Совет
поэзиясының асқар тауы – Жамбыл», - деп жазды. Көп
ұлтты кеңес әдебиетінің көрнекті өкілдері
Жамбылды жоғары бағалаған пікірлерін білдіріп жатты.
Халық
ақындарының шығармашылығын насихаттаған
К.Дәукеновтің «Толғау» (Доскей Әлімбаевтың
таңдамалы өлеңдері мен поэмалары хақында. «Социалистік
Қазақстан», 1941, 25-шілде), А.Лекеровтің «Ақын шабыты»
(Н.Байғаниннің өлеңдер жинағы туралы. «Лениншіл
жас», 1941, 14-қаңтар), С.Мұқановтың
«Бұлбұл» (Шашубай туралы. «Лениншіл жас», 1941, 29-наурыз),
«Доскейдің тетрадтарынан» («Социалистік Қазақстан», 1941,
16-қазан), Ә.Тәжібаевтың «Халық ақыны
қарт Шашубай» («Социалистік Қазақстан», 194, 29-наурыз),
Н.Сауранбаевтың «Халық өнерінің қазынасы –
Мұрын жырау» («Социалистік Қазақстан», 1942, 19-шілде),
А.Хангелдиннің «Доскей Әлімбаев» («Әдебиет және
искусство», 1940, №6), «Халық поэзиясының көрнекті
уәкілі» (Доскей туралы. Бес мақала. «Әдебиет және
искусство». 1940 №2), т.б. мақалалар жарық көрді.
Соғыс
кезіндегі қазақ әдебиеттану ғылымының даму
жолдарына көз жібергенде оның алғашқы жолдыранда
әдеби мұраға қатысты материалдардың көбірек
жарияланып, соңына қарай сирей бастағаны байқалады.
Әдеби сынның әлсіреп, орыс әдебиетімен
байланысқа, оның қазақ әдебиетінің дамуына
тигізген әсеріне көбірек назар аударылды. Әдебиеттің
тарихы дегенде Ш.Уәлиханов пен А.Құнанбаевқа ғана
жол ашық болды. «Социалистік Қазақстан» газетінің 1945
жылдың басындағы сандарында әдебиетке қатысты
материалдар мүлдем аз. Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің Қазақ ССР Жоғары Советінің,
Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің ресми органы болып табылатын
«Социалистік Қазақстанның» 1945 жылғы сандарында Абай
мен Жамбылдың 100 жылдықтарына арналған материалдарға
ғана орын берілген. Осындай жағдай әдебиеттің арнаулы
басылымы «Әдебиет және искусствода» да орын алды. Мысалы, осы
журналдың 1945 жылғы төртінші саны түгелге жуық
орыс әдебиетін насихаттауға арналып, Г.Плехановтың екі
еңбегінің аудармасы, «Игорь полкы туралы жыр», М.В.Ломоносов,
А.А.Радищев, Крылов туралы мақалалар берілді.
Мұның
себептері сол кездегі саяси жағдаймен тікелей байланысты болатын.
Соғыстың бас кезінде жауды жеңу үшін кеңес
жауынгерлерінің рухын көтеру мақсатымен қолға
алынған өткендегі батырларды, олар туралы жыр-дастандарды
насихаттау енді жау жеңіліп, беті қайта бастаған
уақыттарда онша қажет болмай қалды. Жергілікті ұлттардың
«ұлтшылдығына» қарсы бағытталған
идеологиялық жұмыстар соғыстың соңғы
жылдарының өзінде-ақ басталып кетті. ВКП(б) Орталық
Комитеті 1944 жылы қабылдаған «Татар партия ұйымындағы
көпшілік-саяси және идеологиялық жұмыстың
жай-күйі және оны жақсарту шаралары туралы» қаулысы
алдын ала жоспарланған үлкен жұмыстың басталуы
ғана еді. Қаулы да бүкіл түркі халықтарының
ортақ батыры, ел қамын жеген «Ер Едіге» ұлтшылдықты қоздырушы
деген сипатта теріс баға берілді. Едіге Алтын Орданы басқарып
тұрған кезінде Руське көрсетпегені жоқ, ескі
заманның ескішіл күрескері ретінде сипатталып, ол туралы
жыр-дастандардың барлығы да зиянды деп табылды.
Қазақ
әдебиетінің өткенін зерттеген Б.Кенжебаев,
Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиевтер Едігені елі үшін
күрескен қайраткер, ол туралы дастанды халықтық жыр деп
бағалап келсе, енді «Социалистік Қазақстан» газетінің
1945 жылғы 2-қазандағы санында Е.Бекмахановтың «Едіге –
халықтың зұлым жауы» деп айқайлаған көлемді
мақаласы жарияланып, партия қаулысына үн қосты.
В.Степанов деген автор Ә.Марғұланның «Эдиге в истории и
преданиях» (1944) атты еңбегін шовинистік сынның
соққысына алып, «ұлтшылдықпен» айыптады. В.Степанов
филология ғылымының докторы Ә.Марғұлан
өзінің кітабында орыс халқының ата жауы Едігені
қазақ халқының жоғын жоқтаушысы,
күрескері ретінде бағалаған деп, «қателігін»
көрсету арқылы оның «ұлтшылдықтың»
шырмауында қалғандығын дәлелдеді.
1943
жылы Алматыға қоныс аударған бір топ орыс тарихшыларымен
біріге отырып, Қазақ ССР Ғылым академиясы «Қазақ
ССР тарихын» жарыққа шығарды. Панкратова басқарған
авторлар ұжымының құрамында атақты тарихшылар
Греков, Дружинин, Кучкин, Бернштам, Вяткиндермен бірге М.Әуезов,
С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайлов сияқты ғалымдар да
қатысты. Осы кітаптың Кенесары бастаған қозғалыс
туралы тарауын жас тарихшы Е.Бекмаханов жазды.
«Қазақ
ССР тарихы» Кеңестер Одағында танымал ғалымдардың
жәрдемімен одақтас республиканың тарихын
тұңғыш рет зерделеген сәтті еңбек ретінде бірден
жылы қабылданып, сол кездегі ең жоғары Сталиндік
сыйлыққа ұсынылды. Бірақ шовинистік
көзқарастағы тарихшы А.И.Яковлев сыйлыққа
ұсынылып отырған кітапты орысқа қарсы жазылған
деп мәлімдеме жасады. 1943 жылы 28-маусымда Е.Бекмахановтың
«Кенесары Қасымов бастаған қазақтардың
ұлт-азаттық күресі (1837-1847)» деген тақырыпта
кандидаттық диссертация қорғауы онсыз да ширығып
тұрған жағдайды одан әрі ушықтыра түсті.
Кітап сыйлық алмақ түгілі теріс методологиямен жазылған
зиянды еңбек ретінде сынның астында қалды. 1944 жылдың
мамыр-шілде айларында ВКП (б) Орталық Комитетінің хатшысы
А.С.Щербаков жүргізіп, А.А.Жданов пен Г.М.Маленков қатысып отырды.
Осыдан кейін одақтық, республикалық басылымдар бетінде
«Қазақ ССР тарихын» сынаған бірсыпыра материалдар
көрінді. Сындардан қорытынды шығару мақсатымен
Қазақстан ВКП(б) Орталық Комитеті «Қазақ ССР
тарихының» 2-ші басылымын дайындау туралы (Большевик Казахстана, 1945,
№6) арнайы қаулы қабылдап, жіберілген кемшіліктерді жоюды авторлар
ұжымына қайта тапсырды. Бұл деген жоғары
жақтағылар айтқан «ұлтшылдық кемшіліктерді»
түгелдей мойындап, оны жоюдың жолындағы алғашқы
адымдар еді.
Бақылау
сұрақтары:
- Б. Кенжебаевтың қазақ
халқының әдебиетін дәуірлеуге қосқан
үлесі қандай?
- С.Қирабаев,
Е. Ысмайлов, Т. Кәкішев қазақ әдебиеті жайлы қандай
ой-пікірлер білдірген?
- Қазақ ауыз әдебиеті туралы
зерттеулерінің ғылыми мәні қандай?
- "Әдебиет тарихы" кітабының
қазақ әдебиеттану ғылымында алатын орны қандай?
Пайдалынылатын әдебиеттер:
1. Т.Кәкішев
Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996
2. Т.Кәкішев Сын
сапары. А., 1974
3. Т.Кәкішев
Оңаша отау. А., 1974
4. Ә.Нарымбетов
Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және
өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960,
А., 1997
5. М.Қаратаев
Әдебиет және эстетика. А., 1970
13-лекция:
Қазақстандағы әдеби-теориялық
ой-пікірлердің дамуы. А.Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев,
Е.Ысмайыловтың бұрынғы еңбектері. әдеби
стиль өлең
құрылысы мен өлең сөздің теориясы,
сөз өнері жайлы зерттеу еңбектері. Қазақ
әдебиеттану ғылымы мен әдебиет сынының бүгінгі
күйі, проблемалары.
Қамтылатын мәселелер:
- Қазақстандағы әдеби-теориялық
ой-пікірлердің дамуы.
- А.Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайыловтың
бұрынғы еңбектері. әдеби стиль өлең құрылысы мен
өлең сөздің теориясы, сөз өнері жайлы
зерттеу еңбектері.
- Қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет
сынының бүгінгі күйі, проблемалары.
Көркемдік
дәстүр мен әдеби процесс мәселелері, әдеби шығарманың көркемдік-идеялык,
эстетикалық жарытылысы туралы
80-жыддардағы әдебиеттану
ғылымының
жаңа бір жетістігі академик З.Қабдоловтын "Мұхтар
Әуезов және оның әсемдік
әлемі" /Алматы,
1986/ атты еңбегі болды. Еңбекте М.Әуезовтің өмірі мен өнер жолы,
оның шығармашылығындағы дәстүр мен жалғастық, ұлы суреткердің
творчествосының жанрлыкқ құрамы мен тақырыптық идеялық
тұтастығы, алуан қырлы
шеберлік сырлары әңгімеленеді.
60-80 жылдардағы
зерттеулерде әдебиет дамуындағы жалғастық,
дәстүр мен оның жаңғыруы секілді
мәселелерді зерттеуге арналған еңбектер
кеңінен көрініс берді. Әдебиеттану ғылымында дәстүр, оның жалғасуы туралы академик М.Қаратаевтың әр жылдарда жарық
көрген еңбектеріңдегі ғалымның
тұжырымдары социалистік реализм аясында болғанымен, нақты каламгерлер туралы пікірлері
маңыздылығын жойған жоқ. Ғалымның бұл
саладағы ецбектерінде дәстүр мен жалғастық
мәселесі әр қырынан қарастырылды.
Филология
ғылымының докторы Ә.Дербісалиннің
"Дәстүр мен
жалғастық" /1976/ монографиясында ақындық
дәстүр мен XX ғасыр
басындағы қазақ поэзиясының арақатынасы қарастырылса, Б.Наурызбаевтың
""Қазақ прозасындағы Б.Майлин дәстүрі" /1979/ атты монографиясы да —
сөз болып отырған мөселе туралы қазақ әдебиеттану
ғылымыдағы құнарлы зерттеулердің бірі болды. Ш.Елеукеновтің
"От фольклора до романа-эпопей",
"Замандас парасаты", Е.Ғабдировтің "0 национальном и интернационалыном в советской
литературе" еңбектері
осындай бағыт-бағдарымен ерекшеленді. Аталған еңбектердің авторлары әдебиеттің
басты теориялық принциптеріне,
халықтық дәстүр мен жаңашылдық:
жалғастық және тарихи
деректер мен көркемдік шындык, психологиялық секілді ірі пробдемаларына, методолошялық
категорияларға тоқталып,
талдаулар жасайды. Дәстүр мен әдеби процесс, дәстүрдің жалғасу
заңдылыктары бұл проблеманың табиғатын болмысын тереңінен камту зерттеуші үлкен дайындықты талап етеді. Бір әдеби кезең мен кейінгі бір әдеби
кезең, жекелеген суреткерлер
арасындағы дәстүрлік қатынасты, творчестволық әсер және осы сипаттағы
құбылыстарды анықгау бүгінгі
әдебиет үшін теориялық
әрі практикалк маңызы жоғары проблема болып табылады. Осы саладағы ізденіс, ғылыми
терендік "Дәстүр мен жаңашьлдық"
атты ұжымдық монографияда кең көрініс тапқан. Аталған еңбекте қарастырылып
отырған мәселенін ішкі мазмұны, ерекшелігі және зерттелу аясы, даму арналары мол
әдеби материалдар негізінде
карастырылды. "Әдебиеттің
халықтағы және
дәстүр жалғастығы", "Прозадағы
психологизм", "Прозадағы
лиризм
және тарихи
дәстүр".. "Повесть және қаһарман",
"Образ жасаудағы
ізденістер", "Қазақ романдарындағы замандас
бейнесі", "Дәстүр тағылымы
- драмада", "'Қазақ әдеби сыны жаңа міндеттер алдында" атты тарауларда әдебиеттің әр жанры
саласында дәстүр дамуы, жаңашылдық секілді мәселе әр бағытта ашылып, жаңа тұжырымдар жасалды.
Сонымен, бұл дәуірдегі әдебиеттану ғылымы мен сыны уақытпен бірге тыныстап,
талап деңгейінен шығуға
үлес косты. С.Қирабаевтың "Шьндық және шығарма" /1981/,
"Талантқа құрмет"/І988/;
Т.Тоқбергеновтің Қос қағыс" /1974/, "Үш
тоғыс" /1977/, "Тоғыз тарау" /1974/;
Т.Ахтановтың "Көкейкесті" /1980/; Ә.Нүрпейісовтің "Жүрегі тола жыр еді" /1978/;
З.Қабдоловтың "Жебе"
/1977/; Р.Бердібаевтың "Қазақ тарихи романы" /1979/
"Замана сазы"/і985/,
"Тарихи роман"/1997/; Ж.Дәдебаевтың
"Шымырлап бойға
жайылған" /1988/, "Өмір шындығы және көркемдік шешім" /1991/; А.Егеубаевтың
"Сыр мен сымбат" /1981/,
Сөз жүйесі /1985/; Ш.Елеукеновтің "Қазақ
романы және қазіргі дәуір" /1977/,
"Замандас парасаты" /1977/, "Жаңа жолдан" /1989/,
"Әдебиет және ұлт
тағдыры" /2001/; Ә.Кекілбаевтьщ "Дәуірмен бетпе-бет"/1972/;
М.Мазгауиннің "Ғасырлар бедері" /1991/; Р.Нұрғалиевтін
"Өнердің эстетикалық нысанасы" /1979/, "Айдын"
/1985/; З.Серікқалиевтің "Ақыл таразысы" /1976/
атты кітаптарында және
"Уақыт және қаламгер", "Стиль сыры", "Сөзстан", т.б. жинақтарда
жанр сипаты, шығарманың көркемдік ерекшелігі, жазылу тарихы, характер, типтендіру
т.б. мәселелер сөз
болды.
Алпысыншы-сексенінші жылдар
қазақ қаламгерлері қалыптасқан
дәстүрлі арнаны жаңашылдық сипатта жан-жақты
дамыта отырып, қазақ әдебиетіне мол жаңалық
әкелді. Қазақ әдебиетінің төріне жаңа
кейіпкерлер келді, олардың мінез-құлқы
күрделенді, әр түрлі жанрда жазылған жаңа
мазмұнды шығармалар қатары кеңейді. Кейіпкер бейнесін
сомдауда, өмір шындығын көркем өрнектеуде соны
көркем бейнелеу құралдары жасалды. Яғни
әдебиеттегі дәстүрлі арна жаңа сипат алды. Әдебиеттегі жаңашылдық –
әрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың
нәтижесі, ол әдебиет пен өнердің өрісін
кеңейте түседі.
Тұрмыстың, қоғамдық тіршіліктің
өзгеруіне, адамның өмір танудағы жаңа
ұғым-түсініктеріне байланысты әдебиетте мазмұн мен
түр жағынан жаңашыл шығармалар туады. Бұл
тұрғыда кейбір дәстүрлік әдіс-тәсілдер
сақталумен қатар
жаңаша суреттеу, бейнелеу, сөз қолдану амалдары пайда болады. Әсіресе жаңа өзгерістер мен
құбылыстарды аңғаратын соны бейнелеу
құралдары жасалады. Бұл – әдебиеттегі
жаңашылдықтың белгісі. Дәстүр мен
жаңашылдық тек түрді, сыртқы өзгерістерді
білдірумен қатар, ішкі мазмұнды бірдей қамтып,
шығарманың идеялық-көркемдік немесе ұлттық
сипатын жаңа сатыда елестетеді. Енген жаңалық әдебиетке
сіңіп, дәстүрге айналып кетуі мүмкін. «Көркем творчество үнемі
қозғалыс, даму үстіндегі күрделі әрі жанды
процесс. Бұл процесте әр шынайы жаңашылдық
өзінің сонылық қасиетін берік сақтай отырып,
кейінгі дамуға да үлкен ықпалын тигізеді. Бұл ретте
белгілі творчестволық озық жетістіктердің
жаңашылдық өмірі мен дәстүрлік қызметі
қатар басталады деуге болады. Нағыз дәстүрлік сипат
алған көркемдік құбылыс әдеби дамуда
бүтіндей жаңа серпіліс, жаңа белес дайындайды» [35, 5 б.].
ХХ ғасыр әлем
әдебиеті адамның ішкі субъективтік әлеміне терең
үңіле отырып, өмірді жаңа қырынан таныды.
Әлем әдебиетінде туындап жатқан жаңаша
көзқарастардың
әсері қазақ прозасына да өз ықпалын
тигізіп, қазақ көркем сөз өнері өсіп, дами
түсті. «Әдебиет – өмір айнасы ғана емес, өз
тарапынан жаңа әлемнің жасаушысы да» [36, 55 б.].
Қашанда көркем
шындықтың негізінде өмірлік шындық жатады.
Өмірлік материал көркем шығармаға енгенде,
көркемдік шындық жазушы қиялы негізінде туындайды.
Әдеби шығарма адам өмірінің көркем бейнесі
десек, жазушының көркем ойы, қиялы негізінде сол
адам өмірінің шындығы көркем туындыға айналып жатады. Көркем
шығармадағы кейіпкер де жазушының қиялы, фантазиясы,
өмірді тануы нәтижесінде өмірге келеді. Кейіпкер бейнесі арқылы өмір
заңдылықтары терең танылып, жан-жақты ашылып
жатады.
Бақылау
сұрақтары:
-
«Әдебиет танытқыш» еңбегінің
әдебиет тарихындағы орнын анықта.
-
«Әдебиет теориясы», «Сөз өнері»
кітаптарына сипаттама жаса.
-
Өлең құрылысы мен
өлең сөздің теориясын қалыптастырған
ғалымдарыдың еңбектеріне талдау
жаса.
Пайдалынылатын әдебиеттер:
1. Т.Кәкішев
Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996
2. Т.Кәкішев Сын
сапары. А., 1974
3. Т.Кәкішев
Оңаша отау. А., 1974
4. Ә.Нарымбетов
Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және
өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960,
А., 1997
5. М.Қаратаев
Әдебиет және эстетика. А., 1970
14 –тақырып:
Оқулық жасау және әдебиет тарихын дәуірлеу мәселелесі.
Қамтылатын
мәселелер:
- Оқулық жасау және
әдебиет тарихын дәуірлеудің өзекті мәселелері.
- Әдебиет тарихын дәуірлеу
ғылымының бүгінгі таңдағы зерттелу
жай-күйі.
- Әдебиет тарихын дәуірлеу ғылымына
байланысты ғылыми еңбектер, монографиялар.
Дәстүр мен
жаңашылдық. Түр мен жанр ізденістер арқылы даму сипатына ие болды. Халқымыздың Ұлы
Отан соғысындағы ерлігін
көркемдік тұрғыдан зерттеп,
қаһармандық жасау психологиясын,
философиясын ашуға ұмтылыс жасалды. Ұлы Отан соғысы тақырыбы соғысты басынан
кешкен М.Ғабдуллиннің
"Менің майдандас достарым" /1947/, Б.Момышұлының "Төлеген
Тоқтаров", "Біздің генерал" /1963/,
Ә.Шәріповтің "Ормандағы от"
Қ.Қайсеновтың "Жау тылында" /1967/, партизан ақын Ж.Саинның "Жорық
жолдары" /1970/, Т.Ахтановтың
"Шырағын сөнбесін" /1973/,
Ә.Нұршайыковтың "Махаббат
қызык мол жылдар" /1970/, "Ақиқат пен
аңыз" /1976/, С.
Мәуленовтьщ "Жеңіс жүрек" /1985/, Т.
Бердияровтың "Оқ пен гүл" /1967/ сынды туындылары публицистикалық
толғау, роман, повесть, әңгіме, т.б. алуан
жанрда жарық керді. Ұлы Отан соғысы жастық шағы сол кезеңге сәйкес келгек
ұрпақ өкілдері Б.Соқпақбаевтың
"Өлгендер қайтып келмейді" /1967/, Н.Ғабдуллиннің "Жігер"
/1983/, М.Мағауиннің "Бір атаның балалары",
Д.Исабековтын "Біз соғысты көргеміз жок", СМұратбековтын 'Жабайы алма"
повесть-романдарында, Е.Ибрахимнің "Өмір
өлмейді" /1963/, Ө.Нүрғалисевтің
"Соғыстың соңғы
жазы"/1978-1984/ т.б. поэмалар мен өлең кітаптарында көрініс тапты.
Бұл жылдарда жарияланған
экология мәселелерінін жалпы адамзаттық
мәніне көңіл аударыла бастады. Экологиялық күйзеліске ұщыраған
ауылдың экономикалық, әлеуметтік, философиялық тұжырымы
Т.Ахтановтың "Дала сыры" /1968/, "Боран"/1968/, Қ.Жұмаділовтың "Саржайлау"
/1978/, "Сәйгүліктер" /1984/,
С.Жүнісовтің "Жапандағы жалғыз үй", Д.Исабековтың "Гаухартас",
С.Шайімерденовтын, "Селдің екпіні" /1977/, З.Шашкиннің "Сенім",
І.Есенберлиннің "Көлеңкеңмен қорғай жүр", т.б.
шығармаларда көрініс тапты. 1960-90 жылдары жарық көрген
Т.Әлімкұловтың "Ақбозат" /1962/,
"Кертолғау" /1973/,
"Тұлпарлар тағдыры"/1975/ жинактарына өнер адамдары
мен тарландар тағдыры
арқау етілді. Прозада лирика мен эпика, реалистік, романтикалық
әдістер үйлесіп, дерек пен ойдан шығару түйіндесін жатты.
Ә. Әлімжановтың "Отырардан . келген сыйлық /1964/,
"Махамбеттің жебесі'71960/, О.Бөкеевтің "Қамшыгер
/1970/, "Ән салады шағылдар /1978/, Т.Әбдіковтың
"Ақикат /1978/, С.Елубаевтың "Ойсылқара
/1972/, Т.Жармағанбетовтың
"Соңғьт хат /1974/ Д.Исабековтың "Қарғын /1980/,
"Тіршілік /1975/, Ә.Кекшбаевтың "Дала балладалары /І967/,
"Шыңырау' /1982/, М.Мағауиннің "Көкмұнар' /1972/ жинақтарында жанрлық,
стильдік соны ізденістер
байқалды.
Ұлттық поэзия
көкжиегі жаңа көркемдік бояулармен молыға түсті: Ә.Тәжібаев.
"Таныс дауыстар" /1984/, О.Сүлейменов. "Әр
күн-арайлы таң /1986/, С.Мәуленов. "Жапырақтар
жанады" /1964/, Т.Айбергенов,.
."Арман сапары" /1963/, "Аманат" /1975/, Ә.Ахметов. "Тырау-тырау тырналар
/1974/, Қ.Салықов. "Жезкиік"/1973/,
Ж.Нәжімеденов. Темірқазық/1982/, КАхметова. "Жапырак жаздың жүрегі /1974/,
С.Жиенбаев "Іңкәр дүние"/1981/,
Ж.Жақыпбеков "Саратан /1979/, т.б.
60-80 жылдары қазақ
лирикасыи түрлік-мазмұндық, көркемдік тұрғыдан дамытқан
лириктеріміз: Т.Айбергенов, М.Мақатаев.
Т.Молдағалиев, М.Шаханов, Ж.Нәжімеденовтердің стильдік ерекшеліктері дара-дара болғанымеи, кейде
уақыт ортақтығы
кезеңнің сурткерлік тұтастығын құрады.
Бұл жылдары да сюжетсіз
лирикалык-философиялық поэмалар
көптеп жазыла бастады. Мұндай ізденістерге. К, Бекхожиннің "Сұңкар туралы
жыр". Х.Ерғалиевтің "Аңыз ата", "Жылдар, жьылдар", Ж.Молдағалиевтің
"Мен қазақпын", "Байқоңыр
баспалдактары", "Қыран дала",
Ә.Тәжібаевтың "Портреттер",
М.Әлімбаевтың_ "Менің Қазақстаным", Т.Бердияевтың "Жер мен адам",
Кадыр Мырзалиевың "Данышпан",
М, Мақатаевтың "Өмір дастан", "Ақкулар ұйықтағанда",
"Моцарт", "Жан азасы", т.б., Т.Айбергеновтің "Жүрекке айтылған
өлеңдер". Т.Молдағалиевтін "Жер" т.б. шығармалар жатады,
Балладалық жанрдың
дамуы. М.Шаханов өз шығармашылығын
сазды лирикадан бастап, лириканың баллада жанрына, сюжетті өлеңге ойысты. Ақын
түлеткен бұл жанр арқылы
ұлттық тіліміздің поэтикалық қабаты дамыды. М.Шахановтың "Сейхундария",
"Махаббатты қорғау", "Сенім патшалығы",
"Барселона аэропортындағы сүңқарлар",
"Жеңілген жеңімпаз хақындағы
дастан", т.б. балладалары жанрдың ішкі қуатының молдығын байқатады.
Прозада әлеуметтік, саяси,
моральдық, психологиялық, философиялық жайларды жазушылар бірегей шешуге ұмтылыс жасады. Оған Т.Ахтановтың. "Боран",
Ә.Әлімжановтың "Көгілдір таулар", О.Бөкеевтің "Мұзтау"
шығармалары жатады.
Колхоздастыру, байларды тап ретінде
жою драмасы, 1932-33 жылдардағы ашаршылық трагедиясы, сталиндік
репрессия
Ж.Сыздықовтың "Әли қарттың
әнгімесі", Ғ.Мүсіреповың "Сөз жоқ соның іздері", т.б. көркем
шығармаларда бейнеленді. Зобалаң шақ
шындығы Ш.Мұртазаның "Сталинге хат", "Бесеуге хат", Қ.Мұхаметжановтың
"Біз періштеміз бе?" атты сахналық туындыларында тереңдетілді.
Қазақ
прозасы тарихи тақырыпты кең кұлашпен игере бастады. Аталмыш кезеңдегі қазақ прозасының
ұлттық тарихқа бет
бұруында да сыр бар еді. Өткен ғасыр басында М.Жұмабаев, І.Жансүгіров, М.Әуезов бастап
бергең бр бағыт жетпісінші жылдары Ғ.Мүсірпов, Х.Есенжанов, І.Есенберлин,
Т.Әлімқұлов, Э.Әлімжанов,
О.Сүлейменов, М.Мағауин, Ш.Мұртаза, С.Жүнісов, С.Сматаев,
Қ.Жүмаділов,
Д.Досжан, Ә.Сарай, т.б. ізденістерімен
толықты. Рухаки дүниемізде мұндай
серпілістің болу себебі халықтың өз тарихы мен ежелгі
болмысын жетік білуі керек екендігіне байланысты еді.
Қатпары калың тарих І.Есенберлиннің "Қаһар"/1969/,
"Алмас қыльш /1971/, "Жанталас" /1973/, "Алтын Орда" /1982/, Ә.Кекілбаевтың
"Үркер"/1981/, "Елең-алан"/1984/, Қ.Жұмаділовтің, "Соңғы көш"/1974/, "Тағдыр"/1989/,
Д. Досжановтың "Жібек
жолы" т.б. көркемдік шешімін
тапты. Роман жанрының шарықтап дамуының ерекше бір керінісі - тарихи туындылар әдебиетіміздің алтын қорынан орын
алды. Бұл сипаттағы шығармалар —
60-80 жылдардағы қазақ прозасының үлкен
табысы. Жазушыларымыздың осы
тарихи тақырыпты кең камтып, терең көрсетуге ұмтылуы
- қазак
әдебиетінің басты бір бағдар-арнасын
танытады. Тарихи тақырыптағы
көркем шығарма ғана
жазумен шектелмей қазақ зиялылары осы түста таза ғылыми ізденістерге
де қол созды. Тарихи беллетристика мен эссеистика зор қаркынмен
дамыды.
О.Сүлейменовтің ("Аз
и Я"), М.Мағауиннің ("Қобыз сарыны"), Қойшығара Салғариннің ("Күңгір-күңгір
күмбездер", "Қазақ
әлемі", "Қазақтың күй өнері") қазір халыкқа
кеңінен танымал еңбектері дүниеге
келді.
Қазақ драматургиясы тақырыптық,
көркемдік жағынан байып,
жетіле түсті. Қ.Мүхаметжановтың драмалық
туындылары, Ш.Айтматовпен бірігіп жазған "Көктөбедегі
кездесу"/1972/, Ә.Нүрпейісовтің "Қан мен тер", Т.Ахтановтың, С.Жүнісовтің. Д.Исабековтің
пьесалары сахналық мәдениетті
кемелшдендіруге үлес қосты. Соңғы ширек ғасыр уақыт
көлемінде қазақ әдебиетінің түрлі жанрлары
уақыт талабына сай зерттеу енбектерінің негізгі арқауын құрады. Осы
еңбектердің барлығында да да жаңа ғылыми тұжырымдар жасады.
З.Қабдолов, З.Ахметов, С.Қирабаев, Н.Ғабдуллин, Т.Кәкішев, Т.Қожакеев, Р.Нұрғалиев,
Ш.Елеукенов, Р.Бердібаев, Ж.Дәдебаев, Ә.Нарымбетов, М.Атымов,
Б.Майтанов, Т.Рахымжанов,
Х.Әдібаев, Ө.Күмісбаев, А.Ысмақова, Т.Сыдықов, С.Макпыров,
Б.Мамыраевтардың монографиялық
еңбектері қазақ әдебиеттану
ғылымының айтулы жетістіктеріне жатады. Бұл еңбектерде қазак
әдебиетінің ең өзекті,
көкейкесті мәселелері қарастырылып, тиісті шешімін тапты.
Р.Бердібаевтың
"Роман және заман" /1967/, "Дәстүр тағылымы" /1978/, "Аңыздан
романға" /1976, орыс тілінде/ "Биік парыз" /1980/ секілді еңбектерінде
қазақ прозасының елеулі мәселелері карастырылды.
"Қазақ тарихи романы" /1980/ монографиясында ғалым роман туралы
бұрын айтылған ойларын одан әрі дамытты. Дәстүр жалғастығы
мен әдеби процесс мәселелеріне
байланысты автор бұған дейінгі еңбектерінде де толымды талдаулар, жинақтаулар
жасаған болатын. Кейінгі еңбектеріңде автор бұрын байыпталған ғылыми
тұжырымдарын жаңа
арнаға салып, толықтырып, өзекті жаңа мәселелермен
байытып, казақ прозасының дамуы туралы соны
ойлар ұсынды. Р.Бердібаев тарихи
проза жанрның тарихи роман, тарихи-биографиялық
роман, тарихи-революциялық роман, роман-хроника. тарихи- ұлттық роман сияқты
саларға жіктелетіндігін көрсетіп,
әр сала аясына жататын шығармаларды арнайы карастырды. Ғалым роман-хроника қатарына
І.Есенберлиннің тарихм трилогиясын
жатқызды. Кей романдарға қатысты автор аңыз-роман /роман-притча/ деген атауды ұсынды.
Ә.Әлімжановтың
тарихи романдарын тарихи- публицистикалық роман тобында қарайды. Ал
С.Мұқановтың - Ш.Уәлиханов, Д.Әбілевтің - С.Торайғыров, С.Жүнісовтың - Акан сері,
А.Тоқмағамбетовтің Сыр бойы ақын-жыраулары,
Т.Әлімқұловтың - Махамбет, Ақан сері, Сәкен, Ықылас, Тәттімбет,
Сүгір, Сейтек туралы туындыларын
тарихи-биографиялық шығармалар
қатарына жаткызды, Ә.Кекілбаевтың
"Аңыздың ақыры" романы мен мен Д.Досжановтың "Жібек жолы"
шығармасын тарихи өткен-дәуір туралы романдар типіне қосты. Ә.Кекілбаевтың
романының "жабык
романдарды" еске салатынын атап өтіп, өзінің бітімі жағынан бұл шығарманың
"философиялық романдардың да реңін танытатынын"
анықтайды.
Бақылау
сұрақтары:
-Бүгінде әдебиет тарихын
дәуірлеу ғылымына байланысты қандай өзекті
мәселелері айқындалған?
- Елімізде оқулық жасау тарихы
қандай?
Пайдалынылатын әдебиеттер:
1. Т.Кәкішев
Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996
2. Т.Кәкішев Сын
сапары. А., 1974
3. Т.Кәкішев
Оңаша отау. А., 1974
4. Ә.Нарымбетов
Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және
өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960,
А., 1997
5. М.Қаратаев
Әдебиет және эстетика. А., 1970
15–лекция: Қазақ әдеби сынының
бүгінгі жай-күйі.
Қамтылатын мәселелер:
-
Қазіргі қазақ әдебиеті мен
сынының жай-күйі.
-
Қазіргі қазақ жазушылары.
-
Қазіргі сыншы-ғалымдар.
Өнердегі дәстүр
жалғастығы негізінен үш салада; идея мен тақырып, образ
және көркемдік шеберлік тұрғысынан дамиды. Енді
осылардың көркем әдебиеттегі көрінісі арқылы
талдап көрелік.
Айта
беретін 60-шы жылдар қазақ әдебиетіне әсіресе
сыншылдық, талғампаз, сыршыл психологизм әкелсе, оның
анық нышаны Ә.Кекілбаев, А.Сүлейменов,
Қ.Ысқақов, Р.Тоқтаров, О.Бөкеев С.Жүнісов,
Ш.Мұртазаев, Д.Досжанов, Д.Исабеков, С.Мұратбеков,
Қ.Найманбаев, Т.Нұрмағанбетов т.б.
жазушыларымыздың
шығармаларынан жақсы көрінді. Олар қазақ
әдебиетінде өзіндік бет-бейнелерімен, ешкімге
ұқсамайтын мәнер-машықтарымен дараланды.
Әрбір өмірге келген талантты көркемсөз туындысының кездейсоқ
болмайтындығы белгілі, оны сол мезгілдің қажетсініп отырған рухани проблемалары
туғызады, соған қарамастан
әдеби шығарма сол дәуірдің жай көшірмесі емес,
оның сол өнер туындысының иесі - ақынның, не жазушының, суретшінің ыстық қайраты мен нұрлы
сезімінің, сарабдал ақылының
сараптауынан өткен субьективті бейнесі, сырлы суреті. Ендеше мұндайлық субьективтік бейне
қалайша сол мезгілдің, заманның шын ақиқат бейнесі
бола алады?. Бұл ең алдымен
таланттың қуатына байланысты: суреткер неғұрлым талантты, рухани қуатты болған сайын
оның дүниеге әкелген шығармасы
обьективтік шындыққа жақындай түседі, себебі ең алдымен оның, суреткердің, өзі - сол
мезгілдің, сол қоғамның, сол шындық туындысы, сондықтан о баста жаратқанның
оның бойына суреткердің байқампаз
дарынын, сезімтал жүрегін жомарттықпен сыйға тартқаны рас болса, ол сол дәуірдің,
сол қоғамның шындығын, мұңы мен зарын, алдан
күтер үмітін бенелемей тұра алмайды. Бұл
тұрғыдан алғанда заман, уақыт шындығын
жан-жақты ашып беруде көркем
әдебиет туындысына шендесер құбылыс кемде-кем, тіпті
бұлтартпас логикалық пайымдауларға
сүйенетін ғылым да көп жағдайда талантты көркем
шағармалармен тайталаса
алмайды, өйткені ғылым қоғам шындығының бір
қырын ғана бажайлап
зерттейді: айталық мысалы социология негізінен қоғамның
әлеуметтік өмірін, тарих оның ең алдымен
саяси-экономикалық сипатын, ал демография сол әлеуметтік ортада
өмір кешкен жұртшылықтың сан
жағынан өсіп-өнуінің диалектикасын сөз етеді. Ал көркем әдебиет болса мұндай
шектеулерге көнбейді, ол ғылымды
ғылым секілді бір қырынан емес, тұтасынан көреді,
белгілі бір уақыт
шеңберінде сол қоғам
басынан қандөй саяси, әлеуметтік, экономикалык, психологиялық, демографиялық
т.б. халдерді басынан кешірді, міне,
осының бәрі көркем әдебиеттің қырағы
жанрынан тыс қала алмайды. Сондықтан да қарапайым
оқырманнан бастап ғалым экономиске, юристке, тарихшыға, геогрефқа, әлеуметтанушыға,
саяси қайраткерге, әскери
қолбасшыларға дейін көркем
әдебиеттен өз керегін белгілі бір дәрежеде таба алады,
сондықтан да аула сыпырушыдан бастап ғарышкерге дейін одан рухани қанағат іздейді.
Әсіресе, осы
дәуірдің соңғы кезеңдерінде кеңестік кеңістікте ғылым мен өнер саласында
көптеген жетістіктер болғанын жоққа
шығаруға болмайды.
Алайда бұл мемлекет
жабық қоғамға
негізделген саяси-экономикалық жүйеден тұратын.
Сондықтан да ғалымдар
Кеңестер одағындағы саналы өмірге гомо советикус деген атау берді.
Өйткені бұл саяси-экономикалық рухани-әлеуметтік ортада тек советтік экономика, советтік саясат, советтік
мәдениет пен советтік әдебиет қана
мойындалатын, ал басқа әлемдік өркениеттерде болып жатқан
қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым
көпшілігі күні
өткен буржауазиялық қоғамның мезгілден, уақыттан артта қалған кертартпа көзқарастары, ағымдары ретінде
көрсетілетін, солай уағыздалатын. Пікірдегі, көзқарастардағы
плюрализмге қысым жасау сөкеттік болып саналмайтьн. Сондықтан да сол кездегі КСРО террйториясындағы
бірден-бір саяси билеуші күш – Коммунистік партияның басшылығымен жүзеге асырылған идеологиялық саясат
ұлттық мәдени күштердің өздерінің шығармашылық
мүмкіндіктерін толығымен ашып көрсетуіне мүмкіндік бере бермейтін. Коммунистік
партияның қоғам өмірінде араласпайтын жері жоқ еді, ол тіпті адам қызметінің
көркемөнер секілді шығармашылық еркін ойды ауадай
қажет ететін ең бір нәзік, ең бір кінәмшіл саласына дейін
қатаң беқылауға алып отырды. Қоғамдык
сананың барлық институттары секілді өнердің, оның
ішінде көркем әдебиеттің
де партиялық болу керектігі талап етілді.
Алайда Коммунистік партия мен
кеңестіх үкімет қанша қырағы бақылауға алғанмен кеңес
халқының, оның алдыңғы қатарлы
өкілдері – ұлттық
интеллигенцияның қоғамдық ой-санасы революциялық
романтикаға көзсіз табынған
балаң қалпында мәңгіге қалып қоя алмайтын
еді, сондықтан да осы ой-сана да
барша қоғамдық-әлеуметтік құбылыстар секілді уақыт, мезгіл алға озған
сайын жаңа мазмұн, тың идеялармен қаруланып, өсе
берді. Осындай өсу сол кездерІ қалыптасқан
идеологиялық шатмптар тұрғысынан алғанда, біршама тосын, тың кұбылыс – 1970-1980
жылдары жарыққа шыққан
таңдаулы қазақ прозасын ұлттық
көркемөнердің сахнасына алып шықты.
Осы шығармалардың
авторларының балалық шақтары екінші майдан І94І-І945-жылдардағы Ұлы Отан
соғысы кезіндегі тылдағы ауыр тұрмыстың
тауқыметінде өткенімен, бозбалалық, жастық
дәурендері Кеңес одағының
материалдық жағынан да, моральдық тұрғыдан да біраз әл жинап, оңалған кезіне сәйкес келді.
Сондықтан да бұл толқын кеңес жазушыларының
өздерінен бұрынғы буындарына қарағанда
үлкен енерге инстнтуттар мен
университеттердің қабыргаларында білім алып, оқымыстылау болып барып араласты. Сол себепті Совет үкіметінің
балаң шағында әдебиетке
араласқан қызыл пролетар жазушылар секілді олар шығармашылық кәсіпті
өнердің әліпбиінен бастаған жоқ, жазушылық
қадамды әлемдік классиканы біршама меңгерген
тұста қолдарына алды.
Олардың балалық шақтары жоқшылықта
өткенімен, мазмұны жағынан
аса бай болды. Жесір қалған шешелер мен жетім қалған
ін-қарындастарының
көзіндегі мұнды жастайын оқып өскен олар ересек қоғамдық өмірге ерте араласты. Осы
жағдайлар бұл буынның жан дүниесін мезгілінен бұрын есейтті. Кейін осы
өмірлік тәжірибеге жоғары
оқу орындарында олған интеллектуальдық мазмұн
қосылды. Сондықтан да
Бұл буын оқырман жұрттың назарын өэдеріне ә
дегеннен бірден аударды; отандық көркем әдабиетке
оның азды-көпті бұрынғы тарихында болып көрмеген суреткерлердің мол, әрі аса
тегеуірінді бір ұрпағының келгені көп ұзамай-ақ
мәлім болды. :
Бұлар
кеңес әдебиетін тақырыбы жағынан ғана байытып
қойған жок, әсіресе
оның интеллектуалдық дәрежесін көтеріп,
поэтикалық палитрасын кеңейтті. Социалистік реализмнің кейбір
қатып қалған канондарын
бұзып, тың рухани
өрістер ашты. Мысалы, олар өмір шындын ойып алып бейнелеген көркем туындылары
арқылы кітаби коммунистік
идеяларға көзсіз берілген аға ұрпақтың
шығармаларында жиірек кездесетін
кеиіпкерлерді жағымды,жағымсыз деп екіге қақ жарып бөліп тастаушылық,
немесе социалистік қоғамда антогонистік қарама-қайшылықтар болмайды,
сондықтан да кеңестік әдебиет кейіпкерлерінің арасында бітіспейтін
тартыстарға орын жоқ-мыс деген
секілді догмаларды жоққа шығарды. Сол арқылы
суреткерлердің дәл осы буыны
әсіресе І920-І950-жылдардағы кеңестік көркем әдебиетте қатты белең алған
жөнсіздеу революциялық романтиканың біраз аптығын басты. Сол кезеңдердің тым
саяси коньюнктурашыл, қызыл сөзге үйірлеу
"шығармаларына” олар нағыз, шын советтік өмірдің прагматикалық бейнесін қарсы
қойды. Осы тектес сапаларымен олар кеңестік көркем әдебиеттегі кітаби өмІр мен
нақты, реальды өмірдің
арасьн айтарлықтай жақындастырды
Бұрын социалистік реализм әдісінің
канондарын барынша сақтап жазылған
кеңестік көркем
әдебиет шығармаларында социалистік өмірдің көлеңкелі жақтары көп
ауызға алынбайтын, ал алынса да, сылап
қана жеңіл-желпі баяндалатын. І970-1990-жылдары жарық
көрген таңдаулы
қазақ баяндарының авторлары нақ осы кемшіліктерді
көркемдік нысанаға алды. Айталық осы жылдары өмірге
келген М.Мағауинның "Қара қыз",
"Тазыньң өлімі",
Қ.Мұқанбетқалиевтың "Ескі достар", Т.Әбдіковтың
"Қыз Бәтіш пен Ерсейіт”, "Әке" т.б. деп аталатын баяндары нақ осындай сапаларымен
ерекшеленді.
Бақылау
сұрақтары:
- «Т.
Тоқбергенов - әдебиет сыншысы» тақырыбына баяндама дайында.
- С. Әшімов еңбектеріне талдау жаса.
- Қазіргі қазақ
әдебиетінің басты бағыты қандай?
Пайдалынылатын әдебиеттер:
1. 2 Т.Кәкішев
Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996
2. Т.Кәкішев Сын
сапары. А., 1974
3. Т.Кәкішев
Оңаша отау. А., 1974
4. Ә.Нарымбетов
Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және
өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960,
А., 1997
5. М.Қаратаев
Әдебиет және эстетика. А., 1970
6.
Ахметов З. Поэтика эпопеи "Путь Абая" в свете истории ее создания.
А.,
7.
Қазақ әдебиетінің тарихы. 8 том. А., 2004 ж. -130-169
б.б.